Отбасы институтын қолдау орталығы ашылды
Еліміздегі Отбасы күні мерекесіне орай Шымкентте «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Қоғамда аз қамтылған көпбалалы отбасылардың күрмеуі көп мәселелері жетерлік.
Бұл жердің ең басты артықшылығы – бәрі де «Бір терезе» қағидасымен іске асады. Яғни, енді аз қамтылған отбасылардың өмір сапасы жақсарып, көп балалы аналар қиын жағдайлардан осы орталықпен бірге шығатын болады.
Орталықтың жұмысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының тәжірибесін негізге ала отырып ұйымдастырылған. Отбасы күніне орай ашылған ғимараттың жұмысымен танысқан Мұрат Әйтенов өз құттықтауын жеткізді.
– Мемлекетіміздің ең басты мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын жақсарту. Бүгінгі таңда экономикалық өсімнің арқасында әлеуметтік төлемдердің мөлшері көбейіп, отандық білім берудің деңгейі артып келеді. Қазір қаламыз да күннен күнге көркеюде. Демографиялық көрсеткішіміз артып, тұрғындардың саны 1 миллионнан асты. Күн сайын қаламызда шамамен 70-80 сәби дүниеге келеді. Мереке қарсаңында орталыққа арнайы ғимарат беріліп отыр. Мұнда әкімдікке қарасты басқармалардың мамандары сұранысқа сәйкес кесте бойынша азаматтарға кеңес береді, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Меценат, «Береке-А» корпорациясының басшысы Рәшкүл Оспанәлиева: «Көпшілігіміз көпбалалы отбасынан шыққанбыз. Біздің кезімізде мемлекеттен ешқандай жәрдемақы берілмеген. Әр азамат дүниеге перзент әкелген соң жауапкершілігін де сезінсе. Қазіргі таңда жұмыс күші жеткілікті. Құрылыс саласында 50 мың жұмыс орнына адам табылмай отыр. 150 мың теңге айлыққа келмейді. Қазақ жігіттері намысын қайрай түссе екен!.. Көпбалалы әйелін «әкімдікке бар да, талап ет!» деп жіберіп, өзі үйде отыру арға сын. Намысы бар әрбір азамат өз бала-шағасын асыруға міндетті. Ал асыраушысы жоқ отбасылардың балаларына мемлекет көмек беріп жатыр», - дейді кәсіпкер.
Алты баланы дүниеге әкелген көпбалалы ана Қарагөз Алтаева – Нұрсәт шағынауданының тұрғыны. Ол осындай кереметтей орталық ашып бергені үшін әкімге алғысын жеткізді.
Тәжірибелі педагог, ағарту ісінің ардагері Баян Жандосова да осы орталықтан барлық салаға қатысты сұрақтарға «бір терезеден» жауап берілетінін, нәтижесінде аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайы түзеліп, ажырасу азаятынын, әрбір отбасы мемлекетінің қорғауы мен қолдауын сезінетінін алға тартады. Яғни, Отбасы құндылығын арттыруға көп септігін тигізбек. Яғни, түпкі мақсат – аз қамтылған отбасыларға балық беру емес, қолына қармақ ұстатып, олардың санын азайту.
Орталық заман талабына сай жабдықталған. Өзін-өзі дамытқысы келген адамдардың ізденуі үшін сөрелерде кітап толып тұр. Бір сәт шәй ішкісі келетіндерге де жағдай қарастырылған. Қан қысымын өлшеуге арналған құрылғы да қойылған. Баламен келгендерге екінші қабатта балаларға арналған бөлме де бар. Бір сөзбен айтқанда, әрбір келуші мұнда мәселесін шешуіне мүмкіндік бар.«Шымкент келбеті»

Tools
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode