Департаменттің басты міндеттерінің бірі

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Шымкент қаласы тұрғындарының Тұтынушылық сауаттылықтарын арттыру және е-tutynushy платформасымен неғұрлым ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу көзделген. Қала базарларында, сауда орталықтарында е-tutynushy платформасымен жұмыс жасау бойынша нұсқау түрінде баннерлер орнатылатын болады. Департамент қала кәсіпкерлерінің е-tutynushy платформасына тіркелу барысын жіте қадағалауда. Министрліктің бақылауымен е-tutynushy жүйесі барлық қала тұрғындарына қол жетімді болу мақсатында мобильдік қосымша ретінде әзірленді, қаланың барлық сауда орталықтарына, техника дүкендерімен қоса, кішігірім бутиктерге дейін арнайы е-tutynushy платформасымен қадағаланатын QR орнату қолға алынатын болады. Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бас маманы Т.Сланов