"Көз тиді ме": Ауырып қалған Ақбота Сейітмағамбет елді алаңдатты

Қазақстан
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отандық эстрада жұлдызы Ақбота-нұр Сейітмағамбет сырқаттанып қалғанын айтты. Бұл туралы әнші өз Instagram парақшасында мәлімдеді

"Кешью" тобының экс-мүшесі әрдайым қолдау білдіретін жұбайы жайында сөз қозғады.

"Кез-келген жағдайда жанымнан табылатын менің зяним. Бір себептермен инстаға қарауға да уақыт болмай кетті. Көз тиді ме, сөз тиді ме білмедім, осы жолы қатты ауырып қалдым. Алла қаласа жазылып алайын, бәрі жақсы болады, ИншаАллах",- деп жазды ол.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары әншіге зор денсаулық тіледі.

"Алла шипасын берсін", "Тез жазылып кетіңіз", "Кімнің көзі тиді", "Алла жар болсын",- деп жазған олар.