Үздік жаңалықтар

Наразылықты табыстағаннан кейін адресаттың жауабын күту керек. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының шағымын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжаттамамен негізделген дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті. Бұл құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға берген жауабына қоса берілуі тиіс. Егер сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы поштаға тапсырылса немесе мерзімнің соңғы күні сағат жиырма төртке дейін басқа байланыс құралдары арқылы берілсе, онда мерзім өткізіп алған болып есептелмейді. Егер күнтізбелік он күн ішінде сатушы (дайындаушы, орындаушы) наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өз еркімен өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап беру жөніндегі міндеттерді орындамауы - ескертуге әкеп соғады. ҚР ӘҚБтК – нің 190 – бабының бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға-он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бас маманы Д.Сейтаев

Әр адам априори тауарлар мен қызметтердің тұтынушысы болып табылады. Өмірінің ішінде ол көптеген сатып алулар жасайды, және көбінесе олардың бәрі әрдайым сәтті бола бермейді. Біреу сатушыға батыл барып, сапасыз өнімді сатып алған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді талап етеді. Ал кейбіреулері жай араласпағанды жөн көреді, өйткені олар көбінесе өз құқықтарын білмейді. Әдетте, дүкендер мен супермаркеттерде олар ақаулы тауарларды оңай ауыстырады немесе ақшасын қайтарады: жыртылған сүт қорабы, сапасыз немесе мерзімі өтіп кеткен өнімдер және т.б. Олар киім-кешектер немесе аяқ киімдер сіздің талғамыңыз бен стиліңізге сәйкес келмесе, ақшасын толық қайтарып береді. Мұндай жағдайда ең маңыздысы - Сізде тауардық немесе фискалды түбіртек болу қажет және қайтаруды 14 күннен кешіктірмеу керек. Қазақстандық заңнамаға сәйкес, азаматтар тауарларға ақшаны қайтаруға немесе өнім тиісті сапада болса да айырбастауға құқылы. Әдетте, бұл азық-түлік емес өнімдерде болады, егер сізге түсі, өлшемі немесе стилі сәйкес келмесе. Сонымен қатар, сатып алынған өнімді пайдалануға үлгермегеніңіз және сатып алу фактісі бойынша құжаттарды сақтағаныңыз маңызды болып табылады. Бұл ереже дәрі-дәрмектерге, шұлықтарға, іш киімдерге, метрлік тауарларға, өсімдіктер мен жануарларға, ұялы байланыс абоненттік құрылғыларына қолданылмайды. Егер сатушыда (өндірушіде) сұраныс ұсынылған кезде ауыстыру үшін қажетті тауарлар болмаса, ауыстыру осындай талап туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізілуі керек. Сараптаманың егжей-тегжейіне жеке тоқталған жөн. Қайтарылған тауарлардың сапасын қосымша тексерудің құнын сатушы төлейді. Егер тауарларға осындай сараптама жүргізу нәтижесінде тауарларда ақаулар жоқ екендігі немесе тұтынушыға тауарларды бергеннен кейін пайдаланудың, сақтаудың немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінің немесе форс-мажорлық жағдайлардың белгіленген ережелерін бұзу салдарынан туындағаны анықталса, тұтынушы сатушыға сараптама жүргізу шығындарын, сондай-ақ оны өткізуге байланысты шығындарды,жүк тасымалдау шығындарын өтеуге міндетті. Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бас маманы А.Нұрғали

Тауар сатып алдыңыз, алайда ол өзіңізге сәйкес келмеді. Не істеуге болады? Әрине де айырбастауға немесе қайтаруға болады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 14-бабына сәйкес өзіңізге азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде (егер сатушы немесе дайындаушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса) сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда, сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәрізді соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқығыңыз бар. ⠀ Сіз келесі талаптарды сақтаған жағдайда: тауар пайдаланылмаған; тауардың тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары сақталған; сіз тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты сақтаған жағдайда ғана Сатушы тиісті сападағы тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. ⠀ Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен берілмеген жағдайда, осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесеңіз ғана тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізуге құқығыңыз бар. («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 30-бабының 1-тармағы) ⠀ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес: куәлардың айғақтары; фото- және (немесе) бейнетіркеу; сатып алуды растайтын басқа құжаттар сатып алу фактісінің дәлелдемесі бола алады Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.Нұрғали .

Цифрлық жүйе, шағымды қай мекемеге жөнелту қажет екенін автоматты түрде анықтайды. Сондай-ақ, шағымды кәсіпкер де көреді. Ол мәселені 10 күн ішінде өз бетінше шеше алады, яғни тұтынушының заңды талаптарын қанағаттандыра алады. Бұл үшін әрбір сауда субъектісіне QR-код түріндегі бірегей сәйкестендіргіш біртіндеп беріледі. Ол сауда орындарындағы көрінетін жерде орналастырылады. Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Н.Қалмырза

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 41-бабының 1-1-тармағына сәйкес, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың алдын алу және бұл туралы халықты хабардар ету мақсатында қоғамдық бірлестіктері мен қауымдастықтары (одақтары): 1 Тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарына бару; 2 Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескере отырып, тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарына барған кезде жаалатын әрекеттердің фото, аудио, бейне тіркелуін қолдану; 3 Сатушының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу шартымен, тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарында өткізу арқылы қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Д.Сейтаев

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Қоғамда мұндай індеттің орнығуы, қалыпты жағдайға айналуына азаматтардың болашаққа деген сенімін әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды және ел дамуына кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы індетпен күресу болып табылды. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңіп келе жатқан бұл індеттің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз. Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Н.Қалмырза

Үздік жаңалықтар

Grid List

Португалияның Мадейра аралында туристер отырған автобус апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты деп хабарлайды РИА Новости

Оқиға 17 сәуір кұні кешкі сағат 18:30 шамасында болған. Автобус жүргізушісі бақылаудан айырылды деп болжануда. Көлік жолдан шығып кетіп, үйдің төбесіне құлаған.

 

Жергілікті БАҚ автобуста 55-ке жуық адам болған деп хабарлауда.

Қаза тапқандар германиялық туристер. Автобус жүргізушісі мен гид Португалия азаматтары екен. Олар жарақаттанған, алайда жағдайларына қатысты нақты ақпарат жоқ.

Португалия премьері Антониу Кошта Twitter арқылы қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтқан. Ол Германия канцлері Ангела Меркельге де көңіл айтқан.

Германияның СІМ де марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Прокуратура тергеуді бастап кетті. Мадейра үкіметі үш күндік аза тұту жариялады.