Ана – өмір диірмені

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ана – өмір диірмені

                    Бүгінде он саусағынан өнері тамған жастар жетерлік. Әсіресе ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап, ежелгі өнер түрін жаңғыртып жүргендеріне риза боласың. Өнер өлмейді дегің келеді мұндайда. Бүгінгі кейіпкеріміз қолөнер туындыларын жасайтын шебер-  Берік Бейісбеков. Шымкенттік Бейісбековтер отбасын таныстырып жату артық болар. Сурет салып, гобелен тоқып, қолөнер туындыларын жасап жүрген Бейісбековтердің отбасы бүгінде шетелдерге де танымал. Отанасы Күләш отбасы құндылығын сақтау бағытында көптеген гобелендер тоқыған. Отбасының жеке көркемсурет галереясы да бар. Ашылғанына оншақты жылға жуықтап қалған Бейісбековтердің өнер ордасында жастар жиі бас қосады. Мұнда жас суретшілер, қолөнер шеберлері жиылып дәрістер өткізіп тұрады. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Болатбек Бейсбеков кескіндеме өнерін жанына серік етсе, ұлы Берік былғарыдан нешетүрлі қолөнер бұйымдарын жасайды. Отбасылық кәсіптерін дөңгелетіп отырған жанұя осыған дейін Германия, Түркия, Үндістанда, Ресейдің Қазан қалаларындағы халықаралық көрмелерге қатысқан. Беріктің өз қолынан шыққан «Ана – өмір диірмені», «Сүндет той», «Өмір доңғалағы», «Жеті қазына», «Күнбағыс», «Тас таңба – балалық шақ» атты туындылары бар.