Тұзды қандай мөлшерде қолдануымыз қажет?

Ас үй
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тұзды қолдану сүйектердің әлсізденуі мен адамның шамадан тыс толып кетуіне әкеп соқтыратыны көпке мәлім. Алайда, тұзсыз өмір сүру де мүмкін емес. Оны қолданбаған жағдайда адамның үнемі ұйықысы келіп, тіпті жүрек ауруларына да шалдығып қалу қаупі бар. Осы орайда, белгілі диетолог тұзды қандай мөлшерде қолданған зиянсыз екенін айтты деп жазады segodnya.uа

Евгения Крылова қолданған тұздың мөлшерін алдымен өзіңіз жеген азық-түлік құрамынан санау керек екенін алға тартты.

 
"Кейбір адамдар күніге тұзды екі, тіпті үш есе көп қолданады. Біз көп жағдайда, тұздың өзіміз жеген барлық тамақтың құрамында бар екенін есімізден шығарып жатамыз.
Тұз - аса қатыгез азық-түлік. Адам оны шамадан тыс көп қолдана бастағанын байқамай да қалады. Дәм рецепторлардың салдарынан біз одан бетер көп тұз жеуге бейімделіп кетеміз. Оны тым көп қолдану организмдегі судың тұрып қалуына әкеп соқытарды" , - деді диетолог маман.

Тұзды тым көр қолдану артық салмақтан арылуды тоқтатып, ұйқы, көру қабілеті мен көңіл-күйге кері әсер етпек.

Тұзды тамақтану тәртібіңізде азайтудың таптырмас кеңесі әзірге жоқ. Алайда, мамандар кемінде тұзды балық пен консервацияны жиі қолданудан бас тарту керектігін айтты. Оған қоса, диетологтар чипсы секілді майлы тағамдарды мүлде ұмыту қажет деп кеңес беруде.