Бала бақытының шынайы бағбаны
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, қоғамы болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Кез – келген бала өз отбасында, ата – ананың көз алдында жүріп көрсете алмайтын мінез — құлықтарын басқа қоғамда көрсетеді. Алдағы уақытта Шымкент қаласындағы барлық мектептерде «Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы» тақырыбында онлайн-сабақтар өткізілмек. Әлеуметтік педагогтар мен психологтар өз пікірлерін білдіретін болады. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі қыз тәрбиесі мен ерте жүктіліктің алдын алу, жастар арасындағы қылмысқа тосқауыл болу және одан да басқа тақырыптар талқыға түседі. Қоғамның әрбір мүшесі оның тәрбиесі мен жүріс-тұрысы қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Бұл мемлекеттің экономикалық қоғамдық, әлеуметтік, мәдени дамуына әкеледі. Сондықтан да тәрбие мәселесін ешуақытта да назардан тыс қалдыруға болмайды.
Бала бақытының шынайы бағбаны
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode