Сұраныс артып келеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Сұраныс артып келеді

Шымкенттен шығарылатын балалар ойыншығы бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріне таралады. Әу баста отандық өнім дегенде тосырқай қарағандар баршылық. Сапасы өте нашар, иісі аңқыған Қытайдың қауіпті ойыншықтарымен салыстырғанда әлдеқайда сапалы. Арнайы тексерілуден өткізілген, экологиялық жағынан таза. «Наурыз пластик» өндіріс орны бүгінде балғындарға ойыншықтың түр-түрін ұсынады. Отбасымен осы кәсіптің көзін ашқан Рәбия Байтемірова әуелгіде ойыншықтарды Қытай мен Ираннан тасымалдап, сатып жүріпті. Уақыт өте келе «неге өзімізде өндірмеске?!» деген ойға табан тіреп, тәуекел деп іске кіріскен. Бүгінде еңбегінің жемісін көріп отыр. Мемлекет қолдауымен 10 млн. 500 мың теңге несие алды. Құрал жабдықты шетелден әкелді. Бүгінде индустриялдық аймақта кәсібін дөңгелетіп отыр. Тек шикізат жағы өзімізде өндірілмейтін болғандықтан, Ресейден тапсырыспен алдырады. Балғындарға арналғандықтан ойыншықтардың сапасына үлкен мән береді. Қазір бұл ойыншықтар дүкен сөрелерінде сатылымда. Күн санап тұтынушылар саны да артып келеді. Сұраныс артып отырғандықтан алдағы уақытта ойыншық шығаратын үлкен зауыт салу жоспарында бар.