Әйелдердің әлеуметтік әлеуеті...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Әйелдердің әлеуметтік әлеуеті...

Бүгінде әйелдердің белсенділігі тым артып тұр. Оған гендерлік саясаттың ықпалы зор екендігін айтпай кетсек обал болар. Билік басын да ақжаулықтыларымыз «жаулап» ала бастады. Кәсіпкерлік салада да тасын өрге домалатып жүргендер жетерлік. Темір тұлпарларды шырқ үйіріп жүргендер де әйелдер. Тіпті, айға да ұшып, көшеде жол тәртібін қадағалап тұратын ала таяқты аруларымыз да көбейді. Қысқасы, төмен етектілер тізгінін ұстамаған сала кемде-кем. Ендігі жерде «байталдың бәйге алатынына» күмән келтірушілердің ол ойларынан бас тартуына тура келіп тұр. Өйткені алда матриархат дәуірі басталып, нәзікжандылар бастаған көш озатын түрі бар. Дәрігерлер бүгінде перзентханада дүниеге келетін сәбилердің онының алтауы қыз баласы екендігін айтады. Статистиктер болса олардың саны алдағы уақытта бұдан үш еселеп артатынын айтуда. «Еркектерден әйелдерді көп дейді. Бола берсін, бола берсін, көп мейлі». Келісесіз ғой. Еліміздегі әйелдердің басым бөлігі жоғары білімді. Университеттің табақтай дипломы бұйырмады дегендеріңнің өзінде орта арнаулы оқу орындарын бітіргендігі туралы куәлігі бар. Олар 62 пайызды құрайды. Қорасында қарасы жоғының өзі несие алса да қызын оқытуға құмбыл. Болашағы бар. Әсіресе ертеңгі күні біреудің босағасына барып кірер бойжеткенінің  келешегін әріден ойлайтын ата-ана қызын мұғалімдікке не болмаса дәрігердің оқуына түсіруге барын салады. Өйткені ауылдық жерлерде нәпәқа табуға болатыны осы мамандықтар ғана. Дегенмен әйелдер қауымы көптеп жұмыс істейтін әлеуметтік сала яғни, медицина мен білім беру жүйесінде жалақы қалта томпайтқанымен, көңіл толтырарлықтай емес. Әрі барлық істі тап-тұйнақтай ететін қаракөздеріміздің дені ерлерден гөрі жалақыны аз алады. Жыл сайын жоғары оқу орындарында білім нәрімен сусындауға білек сыбана кірісетіндердің 77 пайызы қыздар. Жоғары білім деңгейлері жөніндегі көрсеткіш бойынша ер азаматтар арасында 11,5 пайыз болса, әйелдерде 12,9 пайызды құрайды. Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің жартысына  жуығы әйелдер. .. Жыл сайын әйел аналарымызға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер қатары да артып келеді. Әлеуметтік төлем алатын шымкенттік аналардың айтар алғысы да мол

 

Аяулым Арыстанбек