Ештеңе де көмектеспеген кезде, мынаны жасап көріңіз

Қарым-қатынас психологиясы
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Чарльз Швэб басшылық ететін цех жұмысшылары өндіріс нормасын дұрыс орындамай жүрді. Мұны байқаған Швэб: « Бұл қалай болғаны? Епті адам деген кім? Сіздер қалайша цехтың жақсы жұмыс істеуіне жағдай жасай алмайсыздар?» — деп сұрады.

«Білмеймін, жұмысшылардың белсенділік танытуы үшін қолымнан келгенінің барлығын жасадым. Итермеледім, ұрыстым, тіпті, жұмыстан шығаратынымды айтып қорқыттым да. Бірақ, ешқайсысы да көмектесіп жатқан жоқ, жоспарды әлі орындай алмай жүр,  — деген цех бригадирі ағынан жарылды.

Бұл жағдай жұмыс уақытының соңына таман, түнгі ауысым келуге қарсы болған еді. «Маған бір түйір бор беріңізші,» — деген Швэб жанында жақын тұрған жұмысшының бірінен: «Бүгін сіздердің ауысымдарыңыз қанша дана жасады?» деп сұрады.

«Алты».Сол-ақ екен, Швэб ештеңе де айтпастан жерге алты деген санды үлкен етіп жазды да, шығып кетті. Түнгі ауысымның жұмысшылары келгенде әлгі жазу әлі тұрған еді. Оны көріп жұмысшылар бұның не екенін сұрай бастады. «Бүгін бұл жерге бас директор келіп, қалай жұмыс істеп жатқанымызды, күндізгі ауысымның қанша жұмыс істегенін сұрады. Біз алтыға жеткізгенімізді айтып едік, ол соны еденге дәу етіп жазып кетті,»- деді жұмысшылар.

Ертеңгісін таңертең Швэб цехқа қайта келді. Түнгі ауысым жердегі жазуды 7-ге өзгертіп қойыпты. Бұл жазуды күндізгі ауысым да көрді. Демек, түнгі ауысым бұлардан жақсырақ жұмыс істеген болып тұр. Жоқ, бұлай бола қоймас. Үлкен белсенділікпен жұмысқа кіріскен жұмысшылар кешкілік қайтар уақытта әлгі жердегі жазуды мақтанышпен  10 деген санмен өзгертті. Осылайша жұмыс қыза түсті. Көп өтпей-ақ, артта қалған бұл цех керемет жұмыс істей бастады. Жағдайдың осылай өзгеруіне не себеп?

Бұл туралы Чарльз Швэбтің өз аузынан естісек.

«Қиын жұмыстың тезірек біткенін қаласаңыз, онда оны атқарушылардың бойындағы жарыс рухын ояту керек. Ондағы мақсат көп табыс табуда емес, өзін көрсетуге деген талпынысты күшейту».

Өзін көрсету! Жарысқа шақыру! Осылайша өр мінезді ер азаматтардың жүрегіне қайтпас жолдау тасталды.

Теодор Рузвельтті алайықшы, егер оған осындай бәсекелестік тумаса, ол ешқашан да АҚШ президенті болмас еді. Кубадан жаңа ғана оралған  шабандоз  өз кандидатурасын Нью-Йорк штатының губернаторының орнына ұсынған болатын. Алайда оппозиция енді бұл штаттың толыққанды өкілі  емес екенін біліп қояды. Бойын қорқыныш билеген Рузвельт өз кандидатурасын алып тастауға  бел буады. Сол сәтте Томас Колье Платт  оның бойындағы намысына тие сөйлеп, өзін көрсетуге шақырады. Сонда «не деді?» дейсіз ғой. Ол Рузвельтке бұрыла қарап, ойнақы дауыспен: «Сан-Хуан өлкесінің батыры қорқақ болғаны ма?» дейді.

Бұл сөз Рузвельтке қатты әсер етті. Бұдан арғысы тарихтан мәлім. Осы бір сөз тек оның ғана өмірін өзгерткен жоқ, Америка тарихында да ерекше орын алды.

Чарльз Швэб адамға рух, жігер сыйлаудың ерекше қуатын білетін. Томас Платт та соны білсе керек.

Эл Смит те Нью-Йорк штатының губернаторы болып тұрған кезде осы әдісті пайдаланған.

Шайтан аралдың арғы жағындағы көпке танымал абақты Синг-Сингте басшы болған жоқ. Түрменің қабырғасы арқылы оның ішінде болып жатқан түрлі даулы мәселелер естіліп жататын. Смит түрмесін басқаруға өте мықты, қатты адам қажет болатын. Бірақ, оны басқаруға кім лайық? Таңдау Нью-Гемптоннан Льюис Лосқа түседі.

Лос жанына келген кезде:

«Синг-Сингті өз қолыңызға алуға қалай қарайсыз? Онда тәжірибесі мол, мықты адам керек,» дейді.  Лос ойланып қалады. Ол Синг-Сингтің қаншалықты қауіпті екенін білетін. Түрмеге басшы келіп-кетіп жатады. Олар бар болғаны үш-ақ аптаға шыдайтын. Лос алдымен өз карьерасын ойлағанды дұрыс көрді. Тәуекелге баруға бола ма, жоқ па? Оның екі ойдың ортасында отырғанын байқаған Смит жұмсақ орындықта отырған күйі күлімдеп:

«Жігітім, мен сіздің қорқып кеткеніңізді көріп, ол үшін сөз қылмаймын. Істі қолға алып, бәріне қарсы тұра алу үшін, бұл жерге қабілеті жеткілікті өте табанды адам керек», деді.

Осы сөзі арқылы Смит Лосты жігерлендірді. Солай емес пе? Оның айтқандары Лосты бей-жай қалдырмады. Ол іске кірісті. Қарсы тұрды. Осыған дейінгі түрме басшыларынан озық шығып, танымал болу үшін қарсы тұра білді. Оның «Синг-Сингке 20 000 жыл» атты кітабы жүз мыңдаған данамен таралды. Ол айтқан түрме өмірі жайлы әңгімелер түрлі бағдарламаларда көрсетіліп, оған кинолар түсірілді.

«Мен табыс, тек қана табыс адамдарды қызықтырып, біріктіріп және ұстап тұрады деп ойламаппын. Менің ойымша, бұл жерде әңгіме ойында, — дейді ірі компаниялардың құрылтайшысы С.Файрстон.

Ойын! Иә, кез-келген жолы болғыш адам, міне осыны жақсы көреді. Бұл өзін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Өзінің көркемділігін, алатынын және жеңімпаз бола алатынын дәлелдеуге берілген мүмкіндік. Тап осы құлшыныс жарыстағы жүрісті арттырып, нәтижеге қол жеткіздіреді. Бәрінен асып түсуге деген құштарлық. Өзіңіздің маңыздылығыңызды сезіну сезімі.

Осылайша, егер сіз өжет, өр мінезді адамдардың көңілін өзіңізге қаратқыңыз келсе, онда мына ережелерді ұстаныңыз:

Жігерлендіріңіз!

 

Түйіндеме:

 

Өз көзқарасыңызға сендірудің 12 тәсілі

1-ереже: Даулы мәселеде жақсы нәтижеге қол жеткізудегі басты нәрсе, ол – даудан бас тарту.

2-ереже: Өзгенің ойына құрметпен қараңыз, ешқашан оған өзінің дұрыс еместігін айтпаңыз.

3-ереже: Егер өзіңіз қателессеңіз, оны шын көңілден мойындаңыз.

4-ереже: Алғашқыда өзіңіздің достық қатынасыңызды, лебізіңізді білдіріңіз.

5-ереже: Серіктесіңіз сізге әу бастан «иә» деп жауап беретін болсын.

6-ереже: Жаныңыздағы адамның өз ойын айтуға жол беріңіз.

7-ереже: Серіктесіңіз бұл идея өзіне тиесілі екенін сезінетін болсын.

8-ереже: Шын көңілмен болып жатқан жағдайға өзгенің көзқарасымен қарап көріңіз.

9-ереже: Өзге адамдардың ойы мен тілегіне көңіл аударыңыз.

10-ереже: Игі тірліктерге итермелеңіз.

11-ереже: Өз идеяларыңызға көрнекілік беріп, көз алдарына елестетіңіз.

12-ереже: Жігерлендіріңіз!