Әйелдер атқа қонса...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Әйелдер атқа қонса...

Президентіміздің әйелдерді қолдау мен олардың қоғамдағы ролін арттыру туралы ұсынысы нәзікжандылардың мерейін көтеріп тастағаны шындық. Тек қана әйелдердің мәселесімен айналысатын сан мыңдаған комитеттер, қоғамдық ұйымдар құрылуда. Олардың дені әйелдердің құқын қорғаумен айналысады. Бір ғана Шымкент қаласының өзінде «Іскер әйелдер» қауымдастығы, «Аналар кеңесі» сынды біршама ұйымдар қызмет атқарады. Мойындаймыз. Бүгінде қоғамдағы әйелдердің ролі зор. Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің 27 пайызға жуығы әйелдер. Мұндай көрсеткіш бүкіл ТМД аумағында Қазақстаннан өзге бірде бір елде жоқ. Ақжаулықтыларды атқа қондырдық. Хош. Гендерлік саясаттың жемісі. Қай мәселені болсын, үлкен парасатпен шеше білетін қазақ әйелі бұл жолы да абдырап қалмас. Қоғам үшін олардың жаппай саясат қуғаны тиімді ме, әлде өнегелі перзент тәрбиелегені тиімді ме мұны аналарымыздан артық білетін ешкім жоқ. .. Хош, сонымен әйелдерді атқа қондыру мәселесімен мемлекеттік деңгейде айналысып жатырмыз. Отанасының ошақ қасында қалмай, тізгінді өз қолына алғанына мүмкін отағасылардың өзі себепші болған да шығар. Әйтеуір жолы жіңішке әйелдердің соқпағы даңғылға айналар түрі бар.

Аяулым Арыстанбек