Үздік жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» базасында кәсіпкерлерге арналған «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі жұмыс істейді. Мұнда Холдингтің даму институттарының бағдарламалары бойынша кеңес алып, сүйемелдеу қызметтеріне бір жерден қол жеткізуге болады: ? «Даму» қоры — ШОБ-ты қолдау, қаржыландыру, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға арналған құралдар, лизинг (арнайы техника, көлік және т.б.) ? Қазақстанның Даму Банкі — құны 7 млрд теңгеден басталатын ірі жобаларды қолдау ? Өнеркәсіпті дамыту қоры — өнеркәсіп пен инфрақұрылымға арналған қаржылық құралдар, техника мен жабдықтар лизингі ? Экспорттық-кредиттік агенттік — экспорттық жобаларды қолдау ? Qazaqstan Investment Corporation — 7 млрд теңгеден басталатын үлестік қаржыландыру «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офистері Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Даму» қорының аймақтық филиалдары базасында жұмыс істейді және төмендегі қызметтерді ұсынады: ✔ алғашқы кеңес беру ✔ сүйемелдеу қызметі ✔ Холдинг институттарының атынан өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1408 нөмірі «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай байланыс орталығы болып табылады. 1408 нөмірі арқылы Холдингтің барлық еншілес ұйымдарының бағдарламалары бойынша кеңес алуға болады (Отбасы банкін қоспағанда). Жұмыс уақыты: 08:30–17:30 Қазақстан аумағы бойынша қоңыраулар тегін.

Жеті жыл бұрын бәрі қарапайым көтерме саудадан басталған еді. Бүгінде бұл – балалар киімін өндіретін толыққанды кәсіпорын, жаңа жұмыс орындары және тұрақты бизнес. Серік Әйтілеудің тарихы – табандылық пен икемділіктің идеяны өмірлік іске айналдыра алатынының айқын дәлелі. Ерлер киімін сатудан бастаған Серік қол жеткізген жетістігімен шектеліп қалмады. Ол нарықты мұқият зерттеп, сұранысты бақылап, бір сәтте стратегиялық шешім қабылдады – әрі қарай дамып, өз өндірісін жолға қою. Осылайша жаңа бағыт – балалар киімін тігу ісі қолға алынды. Бұл қадам тек қаржылық инвестицияны ғана емес, жеке белсенді қатысуды да талап етті. Серік тігін жабдықтарын сатып алып, маталармен қамтамасыз етіп қана қоймай, өзі де тігін ісін меңгерді. Мұндай тәсіл өндіріс процесін терең түсінуге және сапалы өндірісті нөлден бастап қалыптастыруға мүмкіндік берді. Уақыт өте келе бұл идеяның айналасына команда жиналды. Іске отбасы мүшелері, туыстары, көршілері тартылды. Осылайша бизнес тек табыс көзі ғана емес, адамдарды біріктіретін ортақ іске айналды. Бүгінде «Adal Textile» – Шымкент қаласында орналасқан жеке тігін цехы. Мұнда Түркиядан әкелінетін сапалы маталардан балалар киімі өндіріледі. Ассортименттің үнемі жаңартылып отыруы және сапаға ерекше көңіл бөлінуі компанияға нарықта сенімді бәсекелес болуға және тұтынушылар қызығушылығын сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіптің дамуына мемлекеттік қолдау да айтарлықтай ықпал етті. «Даму» Қорымен ынтымақтастық және Бірыңғай кешенді бағдарламаға қатысу аясында 2024 жылы компания қаржыландыруға қол жеткізді. Ал 2026 жылы Серік «1-Кепілдік қоры» бағдарламасы аясында қайтадан мемлекеттік қолдауға жүгініп, «Нұрбанк» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыру мақсатында қаржы алды.

Шымкент қаласының Ақжайық шағынауданында 51 отбасы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болды. Жаңа пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табысталып, шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Баспанаға төлем қабілеттілігін растаған азаматтар «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары арқылы Отбасы банкі арқылы қол жеткізді. Жаңа қоныс иелерінің арасында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған жанұялар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен бюджет саласының қызметкерлері бар. Мұндай жобалар тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдауға бағытталған. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуға серпін беруде.

Португалияның Мадейра аралында туристер отырған автобус апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты деп хабарлайды РИА Новости

Оқиға 17 сәуір кұні кешкі сағат 18:30 шамасында болған. Автобус жүргізушісі бақылаудан айырылды деп болжануда. Көлік жолдан шығып кетіп, үйдің төбесіне құлаған.

 

Жергілікті БАҚ автобуста 55-ке жуық адам болған деп хабарлауда.

Қаза тапқандар германиялық туристер. Автобус жүргізушісі мен гид Португалия азаматтары екен. Олар жарақаттанған, алайда жағдайларына қатысты нақты ақпарат жоқ.

Португалия премьері Антониу Кошта Twitter арқылы қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтқан. Ол Германия канцлері Ангела Меркельге де көңіл айтқан.

Германияның СІМ де марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Прокуратура тергеуді бастап кетті. Мадейра үкіметі үш күндік аза тұту жариялады.

Ирандық боксшы қыз Садаф Хатем шаршы алаңға хиджабсыз шыққаны үшін, қамауға алынуы ықтимал

Шетелдік бақ таратқан ақпаратқа сәйкес, спортшыға ер азаматпен бірге жаттығу жасады деген айып та тағылуда.

 

Иранның әуесқой бокс федерациясы боксшыдан басын алып қашқан.

Басшылықтың айтуынша, спортшы қауымдастықтың мүшесі болып тіркелмегендіктен, турнирге жеке тұлға ретінде қатысыпты.

  • Айта кетейік, халықаралық турнирде жеңіске жеткен алғашқы Ирандық әйел Хадем болып табылады.
  • Спортшы турнир өткен Францияда қалып қойып, саяси баспана сұрауда.