Үздік жаңалықтар
Тұзды қолдану сүйектердің әлсізденуі мен адамның шамадан тыс толып кетуіне әкеп соқтыратыны көпке мәлім. Алайда, тұзсыз өмір сүру де мүмкін емес. Оны қолданбаған жағдайда адамның үнемі ұйықысы келіп, тіпті жүрек ауруларына да шалдығып қалу қаупі бар. Осы орайда, белгілі диетолог тұзды қандай мөлшерде қолданған зиянсыз екенін айтты деп жазады segodnya.uа
Евгения Крылова қолданған тұздың мөлшерін алдымен өзіңіз жеген азық-түлік құрамынан санау керек екенін алға тартты.
"Кейбір адамдар күніге тұзды екі, тіпті үш есе көп қолданады. Біз көп жағдайда, тұздың өзіміз жеген барлық тамақтың құрамында бар екенін есімізден шығарып жатамыз.
Тұз - аса қатыгез азық-түлік. Адам оны шамадан тыс көп қолдана бастағанын байқамай да қалады. Дәм рецепторлардың салдарынан біз одан бетер көп тұз жеуге бейімделіп кетеміз. Оны тым көп қолдану организмдегі судың тұрып қалуына әкеп соқытарды" , - деді диетолог маман.
Тұзды тым көр қолдану артық салмақтан арылуды тоқтатып, ұйқы, көру қабілеті мен көңіл-күйге кері әсер етпек.
Тұзды тамақтану тәртібіңізде азайтудың таптырмас кеңесі әзірге жоқ. Алайда, мамандар кемінде тұзды балық пен консервацияны жиі қолданудан бас тарту керектігін айтты. Оған қоса, диетологтар чипсы секілді майлы тағамдарды мүлде ұмыту қажет деп кеңес беруде.
Уильям Франклин-Миллер- ерекше келбетке ие мектеп оқушысы. Соның арқасында ол төрт жасында сән әлеміне аяқ басып, 2016 жылы "ғаламшардағы ең келбетті балақай" ретінде танылды деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Уильям Франклин-Миллер Лондон қаласында 2004 жылы 25 наурыз күні дүниеге келген. Ол кішкентай болғанда жанұясы Австралияның Мельбурн қаласына көшіп кетеді.
Төрт жасында алғашқы фотосессияға қатысқан Уильям тағы бірнеше жобалардан кейін қарапайым мектеп оқушысы сияқты өмір сүріп жүреді.