Халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүр

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүр

Қазіргі қазақ қызы қоғамның кез келген саласына еркін араласып, қазан-ошақтың маңында ғана емес, елдік істердің басы-қасында да жүр. «Әйел затының қоғамдық шаруаларға, мемлекеттік істерге көп араласуы елдің демографиясы мен ұрпаққа дәстүрлі тәрбие беру ісіне кедергі болады» деген пікір жиі айтылады. Бұл да дұрыс шығар. Дегенмен әйел жүрген жерде тәртіп бар деген пікірді де қоғам жиі айтады. Соңғы деректер бойынша, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 51 пайызын әйелдер құрайды екен. Әйелдердің үлес салмағы әр салада әртүрлі көрсеткіштерге ие. Мәселен, судьялардың арасында – 42 пайыздан, кәсіпкерлер арасында 40 пайыздан асады.  Әсіресе медицина мен білім саласында әйелдердің саны да, салмағы да басымдау: 80 пайыздан жоғары. Мемлекеттік қызметтегі үлес салмағы 51 пайызды құрағанымен, олардың құзырлы креслода отырғандары 11 пайыз шамасында ғана екен. Қазақстанда министрлік қызметке әйел азаматты қою  – біраз жыл бұрын басталған үрдіс. Шымкент қаласында да нәзікжанды шенеунік ханымдар халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүр. Олардың қатарында Жанар Бектаева, Балмаржан Нарбекова, Гүлнар Сәметовалар бар. Алдағы уақытта қызмет үдесінен шыға білген ханымдарымыз министрліктерден көрінетініне шүбәміз жоқ.

Аяулым Арыстанбек