Үздік жаңалықтар

Ел Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керектігін тапсырған болатын. Осы ретте Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы өнеркәсіп саласында құны 30,8 млрд. теңге болатын 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 390 адам жұмыспен қамтамасыз етілмек. Тарқата айтсақ, ауданда «Асылбастау» ЖШС тарапынан «Суды автоматтандыру» және «Сүт өнімдерін өндіру» жобалары жүзеге асырылып, 15 адам жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар, ауданда биыл «БИЛОЛ» ЖК «Болат шарларының өндірісі» қолға алынып, 45 адам жұмыспен қамтылады деп көзделген. Сондай-ақ, «Masha Allah Rolling Metal Industris» компаниясы» «Алюминий қалдықтарын өңдеу» жобасын қолға алып, 50 адамға жұмыс беріледі. «Nise constructions» компаниясы тарапынан да «Бұрғылау қондырғыларын жасап шығару» іске асып, 10 адамға жұмыс беріледі. Одан бөлек, ауданда «Al Riaz» ЖШС мекемесі «Тұздан емдік мүсіндер жасап шығару» жобасы қолға алынып, 10 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, «Smart Re Energy» ЖШС тарапынан «Гидротурбина шығаратын завод» жобасы іске асып, 15 адам жұмысқа қабылданады. OOO «GOLD STAR OIL» компаниясы тарапынан және Өзбекстан мемлекетінің иинвесторлары есебінен «Шифер зауытын салу» жобасы жүзеге асырылып, 20 адам жұмыспен қамтылмақ. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында өңірлерде инвестицияны арттыру қажеттІгін тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан облысында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 47,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, жоспар артығымен орындалған. Бұл жайында аудан әкімі Арман Абдуллаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «2024 жылдың 10 айында өнеркәсіп саласында 23,6 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, жыл соңына дейін көрсеткішті 32,4 млрд теңге жеткізу жоспарланып отыр. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 15,7 млрд теңгеге жетсе, жыл қорытындысымен 23,6 млрд теңгеге жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Сондай-ақ, аудандағы ауылшаруашылық саласында 112,3 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, қалған 2 айда бұл саладағы өнім көлемін 137,5 млрд теңгеге жеткізу көзделген»- деді спикер. Өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар оң шешімдер қабылданып, ауқымды жұмыстар атқарылған. Мәселен, аудандағы 4 елді мекеннің ауыз су құбырларына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жыл соңына дейін облыстық және республикалық бюджет тарапынан 11 елді мекенді аыз сумен қамту жұмыстары аяқталмақ. Ал, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары атқарылып жатса, облыстық және республикалық бюджет арқылы тағы 10 елді мекенді табиғи газ жүйесіне қосуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Инфрақұрылым саласының тағы бір маңызды тармағы - тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету. Ауданда 2024 жылы жалпы ұзындығы 6,2 шақырымға 75 электр бағаналарын, 4 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 2024 жылы Тегісшіл, Ақжар, Жемісті және Қызылжар ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл–Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелерге асфальт төселді. Аудандық бюджеттен 2024 жылы 32 көшеге орташа жөндеу жүргізілсе, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары аяқталған. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігін айтты. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Осы ретте Түркістан облысына қарасты, Кентау қаласындағы ауыл округ көшелеріне асфальт төселіп жатыр. Мәселен, Байылдыр ауылындағы 2,3 шақырымды құрайтын айналма жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов құрылыс барысын бақылап, мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында қалаға қарасты Қарнақ және Байылдыр ауылдарында 14,3 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, 2,27 шақырымды құрайтын 4 көшеге аяқ жол салу көзделген. Бүгінде Қарнақ ауылындағы 10,2 шақырымды құрайтын 11 көшеге және Құсшы ата елді мекеніндегі 3,6 шақырымды құрайтын 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан өзге, Байылдыр ауылындағы 1,6 шақырымды құрайтын 2 көшеге асфальт жабындысы төселген. Қалған 0,7 шақырымды құрайтын 2 көшенің аяқ жолдары және 0,8 шақырымды құрайтын 4 көшенің жөндеу жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Португалияның Мадейра аралында туристер отырған автобус апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты деп хабарлайды РИА Новости

Оқиға 17 сәуір кұні кешкі сағат 18:30 шамасында болған. Автобус жүргізушісі бақылаудан айырылды деп болжануда. Көлік жолдан шығып кетіп, үйдің төбесіне құлаған.

 

Жергілікті БАҚ автобуста 55-ке жуық адам болған деп хабарлауда.

Қаза тапқандар германиялық туристер. Автобус жүргізушісі мен гид Португалия азаматтары екен. Олар жарақаттанған, алайда жағдайларына қатысты нақты ақпарат жоқ.

Португалия премьері Антониу Кошта Twitter арқылы қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтқан. Ол Германия канцлері Ангела Меркельге де көңіл айтқан.

Германияның СІМ де марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Прокуратура тергеуді бастап кетті. Мадейра үкіметі үш күндік аза тұту жариялады.

Ирандық боксшы қыз Садаф Хатем шаршы алаңға хиджабсыз шыққаны үшін, қамауға алынуы ықтимал

Шетелдік бақ таратқан ақпаратқа сәйкес, спортшыға ер азаматпен бірге жаттығу жасады деген айып та тағылуда.

 

Иранның әуесқой бокс федерациясы боксшыдан басын алып қашқан.

Басшылықтың айтуынша, спортшы қауымдастықтың мүшесі болып тіркелмегендіктен, турнирге жеке тұлға ретінде қатысыпты.

  • Айта кетейік, халықаралық турнирде жеңіске жеткен алғашқы Ирандық әйел Хадем болып табылады.
  • Спортшы турнир өткен Францияда қалып қойып, саяси баспана сұрауда.