Психология
Көпшілік ата-аналар балаларын батыр, бастамашыл, талапты болып көргісі келеді. Дегенмен, баласын қорқақ болғанына қарсы емес, бір ата-ана болса да, тауып көріңізші. Егер сіз балаңыздың қорқақ, әрдайым қорғанып жүргенін байқасаңыз, онда ешуақытта оны жөндеуге, сөгіс, қысым және сендіру арқылы тәрбиелеуге асықпаңыз. Мұнымен сіз ештеңеге де қол жеткізбейсіз.
Неліктен ол қорқақ?
Қорқақтық қорқыныштардың жиі қуатталуынан болады. Балалар үшін қорқыныштың орын алуы дұрыс-ақ. Қорқыныш балаға айналаны, қоршаған ортаны тани бастағанда пайда болады.
Ал, бір жағынан, ол өзінің мүмкіндіктерін танып біледі, еркіндікке талпынады, армандарының орындалуын қалайды, екінші жағынан, ол өзінің қауіпсіз емес екенін сезініп, сыртқы әлем, қоршаған орта оған қарағанда мықты күшке ие екенін уақыт өте келе ұғына бастайды.
Сондай-ақ, жеткіншек өзінің қорқу топтамаларын жинауы мүмкін (мысалы, иттен және пышақтан, қоңыздан және т.б.). Сондықтан бала нені көреді, біліп, таниды, үйренеді, осының барлығына оған сыни көзбен қарауды үйретіңіз.
Қорқынышты сиқырлау
Сыни пікір қорқыныштың қысқаруына едәуір елеулі үлес қосады. Мысалы, бүлдіршін құбыжықтардан қорқатын болса, онда онымен талқылауға кірісіңіз, құбыжықтар қандай болады, олардың әлсіз, осал жері бар ма? Құбыжықтар шын мәнінде де әрдайым қорқынышты ма?
Күдікті жою үшін үйреншікті, дағдыланған, жалпыға мәлім бір мысалды көрсетіп, айтылған, көрсетілген фильмдерге сене берудің қажеті жоқ екенін айтып түсіндіру қажет. Шын мәніндешынай өмірде құбыжықтардың болмайтынын, оның барлығы киноларда тек ойдан құрастырылған /фантастика/, ертегі-қиял екенін айтып түсіндіру ләзім.
Ойдан шыққан құбыжықтар сияқты баламен салт-жораларды ойлап табуға болады. Мәселен, биіктен, қараңғыдан, үлкен мәшинелерден, бейтаныс адамдардан қалай қорықпауға болады? Мысалға, ол магиялық күші бар шам бола қойсын, /свечи/ шам қорқынышты құбыжықты өртеп жіберетін, сиқырлы жағымсыз аңдарды да жағып жіберетін, қайта дұшпандарының өздерін қорқытатын сиқырлы күшке ие шам болсын. Бұл бала үшін де қызықты ойынға айналар еді. Әрі баланы психологиялық қолдауға да көмектесер еді. Мұндай салт-жоралар тағы басқа да қорқыныштарды сейілтуге жәрдемдеседі.
Егер ештеңе көмектеспесе ше?
Егер сіз сонда да балаңызда қорқыныш сезімі әлі де сейілмегенін байқасаңыз, онда баланың қауіпсіздік сезімін қамтамасыз етуге көмектесетін отбасыңызда кейбір ережелер жетіспейтінін аңғартады. Болмаса, сіз соншалықты балаңыз туралы мазасызданып, барлығынан сақтандырып жүресіз, оған өз үрейіңізді көрсетесіз.
Сонымен қатар, егер үйде ата-ананың талабы өте жоғары болса да, бала онымен күресе алмайды, оны орындауға шамасы келмейді немесе бар шарқынша жасайды, дегенмен ол үнемі үрейде болады, дұрыс істей алмай қаламын ба деп қорқады. Қатаң бақылау, ереже-қағидалардың қатал жүйесі, ал бұдан артқа шегіну-кінәлау мен жазалауға апарады. Ал, бұндай тәрбиені бала өзіне деген қарым-қатынас деп түсінеді. Демек, ол егер берілген тапсырма, талапты дұрыс жасамасам, мені жазалайды, яғни мен ата-анамның сүйкімде де сүйікіті ұл-қызы емеспін. Мен оған лайық адам емеспін,-депойлайды. Осыдан барып, балада өзіне деген сенімділік жойылып, қорқақтық пен кез-келген нәрсеге алаңдаушылық, қобалжушылық, мазасыздық билеп жүреді.
Балаға айтылған әмірлі, өктем сөздер де әрдайым оны мазасызданып жүруге, қобалжушылыққа мәжбүр етеді. Ата-анамның көңілін таба алмай қаламын ба деп қорқады. Ол жасқаншақ, жасық болып кетеді. Оның ойында да белсенділігі төмендеп, оқу үлгерімі де нашарлап, іске де қабілеті жоғалады, қызығушылықтары жойылады.
Кез-келген бұлтартпау сөздер «Оны олай жасама!», «Аузыңды жап!», «Үніңді өшір!», Жылағаныңды қой, жетер!» деген сияқты сөздер баланың көңіл-күйін бұзып, соңында балада неге болса да қысылу, қымтырылу, қобалжулар жиналып, бала қорқақ, тәуелді, әрі өзіне сенімсіз болып қалады.
Керісінше, балаға ата-анадан позитивті қарым-қатынас қажет, жігерлендіру, қолдау әрдайым қажет. Бала өзінің әрбір қадамын ата-анасы қалай бағалайтынын түсінбей, әрі ата-анасының көңілі толмаушылығына алаңдап, ол әрқашан елегізіп, сақтықта, мазасыздықта жүретін тұлға болып қалыптасады. Сіз осыны қалайсыз ба?
Қорқақтық балада жайдан-жай, тосыннан пайда болмайды, ол қоршаған ортаның, ең әуелі отбасының, жақындарының ықпал жасауымен қалыптасады. Балаға әсіресе, жолы болмау, сәтсіздіктерден қорықпауды үйрету маңызды. Сәтсіздіктер болады, ол сынақ, оқып үйренуге көмектеседі, ең бастысы, ата-ана махаббаты баланың осы сәтсіздіктеріне байланысты ғана болмауы керек. Дәл осы ата-анасындағы сенімділік және балаға деген мейірімділік, махаббаты баланың қорқынышына төтеп бере алады және жойылуына көмектеседі.
Егер балалар бір-бірімен ерегісіп жатса, не істеуге болады? Егер сіз екі-үш, одан да көп баласы бар бақытты ата-ана болсаңыз, онда сізге балалар арасындағы ұрыс пен түсініспеушіліктер таныс болар. Балалар тартысы кезінде ата-ана өзін қалай ұстауы керек? Қай жақты қабылдау керек? Мүмкін, туындаған қиындықтың шешімін табу үшін балалардың өздеріне қалдырған дұрыс шығар.
Егер келіспеушіліктер жиі болса ше, онда бұл шын мәнінде-ақ қатерлі белгі екен. Тәрбие процесінің дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанын мұндайда дөп басып айта алмайсың.
Онда бұл кезде араласуға тура келеді және ең негізгі ережелерді енгізу қажет, бұл тартысты түзеуге көмектеспесе де, бірақ балалардың өздері шешіп үйренуіне бағыт береді.
Бірінші кезең. Сөзді бірінші балаға береміз.
Жағымсыз сезімдермен жағдай ушығып тұр. Сол себептен, іштегі күйзелісті шығарту керек. Бұл жерде ең маңыздысы, біріншіден, балаларды тыңдап алу керек, әр қайсысына өз сезімдерін сөзбен жеткізуге мүмкіндік беру керек. Қазір біріншісі, содан екіншісі айтады деп ескерту қажет. Сөзді бөлуге тиым салынатынын, келіспесе де сөзді аяғына дейін тыңдап алу қажеттігін түсіндіру міндетті. Себебі «біздің жанұямызда бір-бірін сыйлау мәдениеттілігі сақталады» (осы арқылы сіз отбасыңызда негізгі ережелерді енгізіп аласыз). Бұл жерде маңыздысы баланың сөзі тыңдалуы, осы арқылы ол жүрегіндегі  сөздерін тыңдайтын жақындары бар екенін сезініп түсіне алу қажет. Оған да маңыздысы, оны түсіну. Әр бала өзінше дұрыс, бұл жерде ешқайсысының жағына шығып кетпеу керек.
Егер біз әркез бір жақты қолдап, сол бір баланың әрдайым сөзін сөйлесек, онда ол сіздің ықыласыңызға ие болу үшін күшін салып, шағыстыру мен жамандауға үйренеді.
«Жәбірленуші» жақтан, демек жылаған балаңыздан бастаңыз. Әңгімесінде баға беру мен қорлау, кемсіту болмауына аса мән беріп, сөзін бақылап отырыңыз: ол өз жағынан, өзі туралы айтсын, ал сіз оның сөздерін тыңдап, басыңызды изеп, оның өкпе-ренішіне шынында-ақ жаныңыз ашып отырғаныңызды білдіріп, мақұлдап отырыңыз.
Мәселен былай:
-Мен машинаны бір минутқа алайын деп едім, ал ол сынып қалды, ол болса төбелес бастап кетті…
-Айбол, сен қынжылып тұрсың ба? Машинаны алғаныңда ол сынып қалды, ал сен ренжідің. Арман сені ұрып жіберді, ал саған ауыр тиді.
-Ия…
-Түсінікті, енді Арманды тыңдайық мейлі ме…
Екінші кезең. Екінші балаға сөз береміз.
Тура біріншідегідей ол өзіне қатысты әңгімені айтып, сіз оны мақұлдап, «тыңдап» тұрасыз.
Мысалы:
-Олай болған жоқ, ондай емес, ол өтірікші! (Сөзді бөлеміз:»Тоқта. Тек не болғанын айт»). Мен оған «бер» дедім, ал ол алды да кемемнің діңгегін сындыра салды!
-Сен қатты ренжідің бе…
-Мен оны қазір ұрамын! (сөзді бөлесіз: «Тоқта. Тек болған жәйтті ғана айт»). Бұл менің ғана сүйікті кемем. (Айқайлайды). Мен оны бір айдан бері жабыстырып, жамап жүрдім!
-Бұл саған соншалықты маңызды зат болғаны ма? Оны сонша уақыттан бері желіммен /клей/ жабыстырып жүрсең. Сен әлі жынданып тұрсың ба, тіпті қатты ашуланып тұрсың ба?…
-Сенің қазір төбелесіп, оны ұрғың келіп тұр ма, қалай? Бірақ сен білесің бе, біз ол арқылы істі шеше алмаймыз…
-(ауыр күрсініс). Шынында-ақ көмектеспейді ме…(іштегі қатты от-шоқтар шықты).
Егер біз біреуінің сөзін жақтасақ, екіншісінің жағымсыз тәртіп пен ашу-ызаға бой алдыртып, баланы тұйықтандырып, жаман әдеттерге үйретіп алуымыз мүмкін. Бізге  жетпеуі мүмкін, екінші бала іштей тұйықталады немесе өзін ұмытылған, ұнамсыз,  елеусіз, лайықсыз адам ретінде сезінеді. Ал егер өзіңді осындай оңбаған, жаман адам деп сезінсең, әрине, өзіңді жақсы ұстай білмейсің.
Үшінші кезең. Ортақ шешімді іздейміз.
Енді күшті эмоционалды сезімдер басылғаннан кейін /күйзеліс/, бізге енді шешімдер қабылдау мен оны табу жолдарына кірісуіміз қажет. Дегенмен іздестіргенде шешім ортақ болу керек.
Соңғы өзекті сөйлем: «Енді не істейміз? Қалай жасағанымыз дұрыс?»
Біз үлкендер, әрдайым мұндай келеңсіз жәйттерде өзіміз шешім қабылдаймыз, балалардың өз беттерінше, дербес шешім қабылдап үйренулеріне мүмкіндік бермейміз.
Сонымен ұсыныс жиыны мен талқылау басталды.
Мысал.
-Енді не істейміз? Жағдайды қалай туралаймыз? Бұл кезде мынандай келесі нұсқалар пайда болады: 1. Барлығымыз кеменің діңгегін бірге жөндеуге немесе жабыстыруға тырысып көрейік; 2. Әкемізден көмек сұрайық; 3. Жаңасын барып сатып алайық; 4. Кемені басқа материалдан жасап шығарайық.
Алайда №3 ұсынысқа анасы келісе алмады. Өйткені  дәл қазір жаңа ойыншық сатып алуға қаражат жоқ. №1 ұсынысқа қатысушылардың шамасы жоқ, оны жөндеп, құрастыру үшін ойлану қажет; №4 шешімде кемені басқадан құрастырамыз дегенде, сатып алу ұсынысы шықты, сондықтан мұны да жасау артығырақ. Соңында №2 шешім қабылданды. Себебі, жұмыс көп ойлануды қажет етеді, әрі іс те әкенің көмегінсіз бітпейтін болып тұр. Ал бұл жерде әкенің келісімі қажет болды. Олар оны күтуді шешті, бірақ талқылау әлі жүріп жатыр.
Дегенмен, бұл жерде ананың «рұқсатсыз біреудің затын алуға болмайды»  деген сөзімен барлығы да келісіп, оны жақсы қабылдады.
Төртінші кезең. Бақылау жасауды келісіп алайық.
Ережелер іске асу үшін оны орындау қажет. Ата-ана сіз, біріншіден осы ережелерді сақтауыңыз қажет. Сізге қарап отырып, сосын балаларыңыз да үйренеді. Ережелерді құрметтеу арқылы ол өзін және басқаларға деген құрметті көрсете алады. Ал, ережелердің орындалуына бақылау жүргізу барлық отбасы мүшелерінің тарапынан қадағаланады. Ережелер орындалуымен мықталып, бекітіледі.
Аударған А.Мәденқызы
Сізге бала өмірінде кездесетін 10 сұрағы беріліп отыр. Осы сұрақтың өз көңіліңізге қонымды жауабын белгілеңіз.
1. Сіздің балаңыз өте бұзық, жағымсыз қылықтары көп, машақаты мол. Үйіңізге күнде не жыртық шалбармен, не көзі көгеріп келеді.
а) не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, көзіне мұздай басасыз – 3.
б) жәрдем беріп жатып, осы қылығың өзіңе жаманшылық әкеледі деп айтасыз – 0.
в) тегі көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі шешсін -5.
2. Балаңыздың жолдастары өте бұзық, тәрбиесіз
а) олардың ата-анасымен сөйлесесіз -2
б) үйіңізге шақырып, тәрбиесіне ықпал жасайсыз-5
в) балаңызға олардың кемшіліктерін түсіндіріп, олар саған жақсылық әкелмейді деп айтасыз-0
3. Балаңыз ойнағанды жақсы көреді. Ойыннан ұтылған да емес.
а) сіз еш нәрсе қолға алмайсыз, өзі ұтылғанын мойындасын деп -0.
б) онымен ойыннан бас тартасыз, өзі мойындағанша – 3
в) әдейі өзіңіз жеңесіз, өзінің жеңілгенін сездіресіз-5.
4. Сіздің балаңыз 24 сағат бойы ойнайды. Кешке мүлде ұйықтағысы жоқ.
а) сіз оған ұйқы қандай маңызды екенін түсіндіресіз- 3
б) оған өзі қалаған уақытында жатуға мүмкіндік бересіз де, азанда ерте тұрғызасыз- 5
в) белгілі уақытта жатқызып, оның өзін қалдырасыз. Ертегіні өзі жақсы тұтқан күні ғана айтасыз — 0
5. Ол азаннан кешке дейін теледидар көруден зерікпейді.
а) ерте жатады, теледидарды сол жатқаннан соң өшіресіз – 0
б) оған не көретінін, не көрмейтінін түсіндіресіз – 2
в) оған уақыт бөлесіз, не көрсе де өз еркі — 5
6. Сіздің балаңыз өте дөрекі.
а) мінез-құлқы өте жағымсыз екенін және айнала оны жақтырмайтынын түсіндіресіз – 5
б) оның дөрекі мінезіне тыйым салып, оны жазалайсыз – 0
в) күнде ол өзінің жақсы мінезін көрсетсе, оны мақтап отырасыз — 2
7. Сіздің балаңыздың жасы үлкен болмаса да, қыздармен (балалармен) жүргенге қызығады.
а) бәрін өз жайында қалдырасыз – 3
б) оған оның балалық махаббат екенін түсіндіресіз – 5
в) оған махаббат не екенін, еркек пен әйелдің қарым-қатынасын үлкенге түсіндіргендей түсіндіресіз — 0
8. Оны басқа балалар ұстап алып ұрып, оның үстінен күледі.
а) оған оларға жауап беруді үйретесіз – 5
б) олардың ата-анасымен кездесіп, әңгіме айтасыз – 2
в) балаңыздың ондай жағдайлардың арасында болмауын қадағалайсыз -0
9. Сіз үлкен балаңызға немесе қызыңызға бар жағдайын жасайсыз. Бірақ, ол ешнәрсені бағаламай өзінен кішілерді ренжітеді.
а) Оны кішкентай балалардың алдында тәрбиеге шақырасыз – 5
б) оған көп уақыт бөлесіз, оның үлкендігіне қарамай -3
в) мүлдем араласпайсыз -1
10. Сіздің балаңыз өте дөрекі сөйлейді. Басқа балаларға зорлық жасайды.
а) сіз оған қарағанда қатты дөрекі сөздермен ұрысасыз. Ол да сіз сияқты басқаларға дөрекілік жасайды. -0
б) осы уақытқа дейін оған бұрынғыдан да көп көңіл аударасыз – 5
в) оған зорлық-зомбылық туралы кино көрсетпейсіз – 2
Жауабы:
0-18 балл
Сіз балаңызды өзіңіздің уақытыңызда тәрбиелегендей етіп тәрбиелейсіз. Үлкендердің айтқанын тыңдап, оларды сыйлаған ең маңызды екенін түсіндіресіз. Бірақ үшінші мыңжылдықта өз-өзіне сеніп, өзін-өзі басқара алатын адамдар ғана үстем болатынын естен шығарасыз. Сіз өмір алға қарай жылжып жатқанын байқамай, бұл қасиеттерден алып қашасыз.
19-35 балл
Сіздің қандай жағдайда өмір сүретінін әлі ойланбағансыз. Бірақ сіз заманына сай болуға ұмтылып, өзі шешім қабылдауына мүмкіндік бересіз. Бірақ, бәрібір де сіздің балаңыз өзі әрекеттенуіне көп жағдай жасамайсыз. Сіз балаңызды тек айтқаныңыздан шықпауын қалайсыз. Сондықтан да ол өзі тура жол таба алмауы мүмкін.
36-50 балл
Сіз өзіңіздің балаңыз тек әділдік, жақсылық дәуірінде өмір сүреді деп ойлайсыз. Ақыл мен ой, шыншылдық, эгоизмнен үстем болып тұрады деп ойлайсыз.
Бақыт отбасынан басталады
"Бақыт отбасынан басталады" атты Республикалық конкурс өткізіліп жатқаны белгілі. Осы бағытта Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №52 мектеп лицейі онлайын сабақтар өткізуде.  "Отан отбасынан басталады" деп дана бабаларымыз бекер айтпаған. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Мұғалімдер осы тарапта оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты түрлі әдебиеттер оқуды ұсынды. Отбасы құндылығын арттыру, бала тәрбиелеуде ұлттық салт-дәстүрлеріміздің алар орны ерек екенін айтып өтті. Баланың дербес тұлға болып қалыптасуы үшін отбасында алған тәрбиенің атқарар ролі зор екендігі айтылды. Алдағы уақытта тәрбиелік мәні зор, тағылымды сабақтар көптеп өткізілмек.
Нұрбақыт Аймағамбет
Әр ата-ана «баланы қалай тәрбиелеу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Баланы қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты және жинақы етіп тәрбиелеуге болады? Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек екенін бәріміз де білеміз. Сондай-ақ, бала біреуге қарап еліктейтіні айдан анық. Сондықтан да, ата-аналар бала үшін ең бірінші «модель» болады. Мысалмен айтатын болсақ, әкесі баласына: «Тамақ ішпес бұрыс қолыңды жу» деп, өзі жұмыстан келген бетте сол талапты орындамаса, балаға қанша ұрысқанымен ол әкесінің жасағанын/жасамағанын істейді. Бұл кезде тәрбие берудегі қақтығыс – «ережелік» талап ету мен нақты іс-әрекеттің сай келмеуі пайда болады. Осы қайшылық түсінбеушілік пен қарсылықты туғызады.
Әрине, әр отбасының бала тәрбиелеудің өз түсініктері бар. Бірақ, тәрбие берудің қандай тәжірибелері бар екенін көру қызықты болады деп ойлаймын. «Үй энциклопедиясы» деген кітаптан оқып алған бала тәрбиелеудің 9 өсиеті сіздерге де қызықты да пайдалы болады деген оймен осында жазуды жөн көрдім.
Ата-аналарға арналған бала тәрбиелеудің 9 өсиеті
1. Балаң өзіңнің көшірмең болады деп күтпе. Оған қоса, сенің қалауыңдағыдый болады деп күтпе. Тәрбие бала үшін СЕН болуға емес, өзіндік ЕРЕКШЕ болуға көмектесуі тиіс.
2. Барлық жасаған іс-әрекеттер үшін балаңнан құн сұрама: сен оған өмір сыйладың, ол қалайша саған алғысын жеткізе алады? Ол басқа адамға өмір сыйлайды, бұл алғыстың қайтымсыз заңы.
3. Тәрбиелеу процессінде бар өшіңді балаңнан алма, өйткені не ексең, соны орасың.
4. Баланың проблемаларын түкке тұрмайтын деп асқақтап қарама: өмір ауыртпалығы әр адамға күшіне байланысты беріледі, сондықтан да, баланың жүгі сенікімен бірдей болады. Мүмкін сенікінен ауырлау да шығар. Өйткені, баланың әлі дағдысы қалыптаспаған.
5. Тәрбие беруде баланы мұқатып кемсітпе.
6. Өз балаңа бір нәрсені жасай алмасаң, ол үшін өзіңді қорлама. Бірақ жасау қолыңнан келіп, жасамасаң – қорла.
7. Бала үшін барлық жағдай жасау – тәрбие берудің ең маңызды заңдылығы. Осыны ұмытпа!
8. Біреудің баласын сүйе біл. Басқа біреудің баласына өз балаңа жасамайтыныңды жасама.
9. Балаң дарынсыз, қырсық, ересек болса да, оны сүйе біл; балаңмен қарым-қатынаста қуануға ұмытпа, өйткені балаңнын жанында болу – бұл сенімен өмір бойы бола бермейтін мереке уақыты.
Айтылғандардың бәрінен мынадай тұжырым шығаруға болады: балалар бұл өмірге үлкендердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, балалар БІЗДІ де тәрбиелеу үшін дүниеге келеді. Ата-аналар өз балаларын жақсылыққа тәрбиелеу барысында өздері де жақсы бола бастайды. Бұл тәрбиелеудің негізгі мақсаты.
Айнұр Сүгірбаева
Жер бетінде адам баласын бір нәрсені жасауға ынталандыратын бір-ақ тәсіл бар. Сіз осы жөнінде ойланып көрдіңіз бе? Иә, бір-ақ тәсіл бар, ол-өзге адамды соны жасауға мәжбүр ету.
Естеріңізде болсын-басқа жолы жоқ.
Әрине, сіз тапанша кезеніп тұрып, кез-келген адамның қолындағы сағатын шешіп алуыңыз мүмкін. Сіз қол астыңыздағы қызметкеріңізді, бас тартқан жағдайда, жұмыстан босататындығыңызбен қорқытып, жұмыс істете аласыз. Немесе балаңызға да қамшымен не күш көрсетумен айтқаныңызды істете аласыз. Бірақ мұндай тәсілдің ақыры жақсылыққа апарып соқтырмайтыны белгілі.
Мен айтып отырған сізді бірдеңе жасауға мәжбүр ету тәсілі-бұл сізге қалағаныңызды беру.
Американың ең мықты философы, профессор Джок Дьюи бұны басқаша сөздермен түсіндіреді. Ол: «Адам табиғатына тән терең ұмтылыс-елеулі адам болуға деген тілек болып табылады»-деп айқындайды. Осы елеулі адам болуға деген тілек жайлы осы кітаптан көп кездестіретін боласыз.
Бірде Линкольн өз хатын: «Барлық адам өз атына айтылған жылы сөзді ұнатады» деп бастапты. Ал Уильям Джеймс болса: «Адам табиғатына тән басты ерекшелік-адамдардың өз қадір-қасиетіне қарай бағалануға деген терең ұмтылысы»-деп жазған. Байқап қараңыз, ол жай ғана «тілек», «мұқтаждық» немесе «ұмтылыс» демеген, ол «бағалы болуға деген терең ұмтылыс» деп жазған. Міне мұны адам баласының жанын жай таптырмайтын қажеттік деп айтуға болады.
Егер біздің ата-бабаларымыз осындай ұмтылыспен жоғары қарай ұмтылмаса, өркениетке (цивилизацияға) қол жеткізбес едік. Онда біздің жан-жануарлардан айырмашылығымыз да шамалы болар еді.
Осы жеке тұлға ретінде өз маңыздылығын сезінуге ұмтылудың арқасында бакалея дүкеншігінің оқымаған, кедей бұйрық шығарушысы өздерінің елу центке сатып алған үй шаруашылығына қажетті заттары арасынан тауып алған заң кітабын оқыған. Сіздер ол адам туралы білетін боларсыздар. Оның аты-Линкольн.
Осы жеке тұлға ретінде өз маңыздылығын сезінуге деген ұмтылыс Диккенсті өзінің біртуар романдарын жазуға қанаттандырған. Осы ұмтылыс арқылы Рокфеллер миллиондаған ақша тапты.
Осы ұмтылыстың арқасында сіз сәнді киім киіп, соңғы үлгідегі көлік мініп, өзіңіздің балаларыңыз туралы айтатын боласыз.
Көптеген жасөспірімдерді гангстерлікке және адам өлтіруге ұмтылдыратын да-осы құлшыныс.
Менің білетінім: бүкіл тарих бойынша екі адам-Уолтер Крайслер мен Чарлз Шваб жылына бір миллион доллар сыйақы алып тұрған.
Неге Эндрю Карнеги Швабқа жылына мың доллар немесе күніне үш мың доллар төлеп отырған? Неге?
Шваб ақылды болғандықтан ба? Жоқ. Мүмкін ол құрышты қалай өндіруді басқалардан гөрі артығырақ білетін шығар. Жоқ. Чарлз Швабтың өзі құрышты өндіруді мықты білетін көптеген адамдардың бар екендігін мойындады.
Шваб өзіне мұндай ақшаны негізінен адамдармен жақсы қарым-қатынасты білгендігі үшін төлегендігін айтады. Мен одан бұл жайлы сұрағанымда, ол өз аузымен бар құпиясын айтып берді. Бұл сөздерді әрбір үйде, әрбір мектепте, әрбір дүкенде, әрбір мекемеде қоладан құйып, іліп қою керек. Балалар мектепте латын етістіктерін жаттауға немесе Бразилиядағы жауған жауын-шашынның мөлшерін есте сақтауға қор қылған алтын уақыттты осы сөздерді жаттауға жұмсаса, мақсат етіп алға ұстаса, бұл олардың өмірін түбегейлі өзгертуге септігін тигізеді.
«Маған тән ең бір асыл қасиет,-дейді Шваб,-ол-менің адамдардың ынта-құлшынысын олардың бойларындағы бар жақсы қасиеттерді бағалай отырып, дамыта алатындығым.
Бастықтар тарапынан айтылған сын адам баласының ар-намысына қатты тиеді. Мен ешқашан ешкімді сынамаймын. Адамды жұмысына қарай ынталандыру мен үшін жат нәрсе емес. Сол үшін де мен адамдарды ылғи да мақтағым келеді, мен адамдарға ұрысқанды ұнатпаймын. Егер маған бірдеңе ұнаса, мен шын жүректен мақтауға дайынмын».
Міне Шваб осындай амал қолданады. Ал қарапайым адам не істейді? Қарапайым адамдар керісінше: егер бірдеңе ұнамаса-сын айтады, ал егер ұнаса-үндемейді.
Рокфеллер адамдарды шын ниетпен бағалауы арқасында олармен қарым-қатынаста үлкен табыстарға қол жеткізді. Мәселен, оның әріптестерінің бірі Эвард Т.Бедфорд Оңтүстік Америкада жасаған сауда-саттық сәтсіздігінен фирмалары миллион долларға шығынға ұшыраған, осы үшін Рокфеллер оны жазалауына болатын еді, бірақ ол Бедфорттың жақсылық жасаймын деп жүріп, сәтсіздікке ұшырағанын түсінді. Сөйтсе де, ол оны мақтауға себеп тапты, Бедфортты олар салған капиталдың 60 процентін аман алып қалуымен құттықтады. «Біз, яғни жоғары жақта отырғандар, барлық уақытта мұндай табыстарға қол жеткізе бермейміз»-деді ол.
Біз балаларымыздың, достарымыз бен қызметшілеріміздің жай-күйін қолдаймыз, ал олардың өзін-өзі сыйлауына өте сирек мән береміз. Біз оларға тамақты күш-қуат алу үшін ішкіземіз, ал бірақ біз оларға жылы сөздер айтып, рухани күш-қуат беруге сараңбыз.
Осы жолдарды оқыған кей адамдар бірден-ақ: «Бұл ескі әдіс. Жылы сөздер айту … Жалпылдау… Жағымпаздану… Мен бұл әдістердің бәрін қолданып көрдім. Бұл әдістер, әсіресе ақылды адамдарға ешқандай да әсер етпейді»-деп айтуы мүмкін.
Әрине, жағымпаздану арқылы адамдарға әсер ету өте сирек. Ондай өтірік жағымпаздану адамдар арасында болмау керек және табысқа да жете қоюы екіталай. Рас, кей адамдар өздерін мақтағанды теріс көрмейді, атына айтылған өтірік сөздің барлығын талғамай қабылдайды.
Адамның жақсы қасиеттерін шын жүректен бағалау мен өтірік жағымпаздану арасында қандай айырмашылық бар? Бұл сұраққа жауап беру оңай. Бағалау-шын жүректен шығады да, ал жағымпаздану-өтірік, тек ауызбен ғана айтылады.
Жақында мен Мехикодағы Чапультепек сарайында генерал Обрегонның бюстін көрдім. Бюсттің астында генерал Обрегонның мынадай дана сөздері ойылып жазылған: «Сізге шабуыл жасаған жаулардан қорықпаңыз, одан да жағымпазданған достардан қорқыңыз».
Жоқ мен сіздерге жағымпазданыңыз деп отырғаным жоқ. Мен тек өмірді жаңадан бастау туралы ғана айтып отырмын.
Король Георг V-нің Букингем сарайындағы жұмыс бөлмесінің қабырғасына жазылған, өзіне қатты ұнайтын алты ауыз сөз бар. Оның бірі «Мені арзан мақтауға үйретпеңдер, мен де ешкімді-өтірік мақтамайтын болайын».
Жағымпаздану деген-арзан мақтау. Бірде мен жағымпаздану деген сөздің толық анықтамасын оқыдым. Ол «Жағымпаздану дегеніміз-ол адамға өзінің не ойлайтындығы туралы айту».
Егер біз тек жағымпаздықпен айналыссақ, біз адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесі жөніндегі маман болмас едік.
Кейде біздің басымыз проблемалардан сәл арылып, тыныққан кезімізде, уақытымыздың тоқсан бес процентін өзіміз туралы ойлауға бөлеміз. Егер біз біршама уақытқа өзіміз туралы ойлауды доғара тұрып, қарсы алдымыздағы адамның бойындағы жақсы қасиеттері туралы ойласақ, онда біз жағымпаздық сияқты жаман қылықтарға бармаған болар едік.
Эмерсон айтқан: «мен кездестірген адамның қай-қайсысы да менен бір саты жоғары тұрады, оны менен артығырақ етп көрсететін қасиетін бойыма сіңіруді үйренуім керек».
Қане, сәл ғана уақыт өз жетістіктеріміз, өз талап-тілектеріміз туралы ойламай, өзге адамдардың жағымды жақтарын бағалап көрейікші. Мұнан кейін біз жағымпаздану туралы мүлде ұмытамыз. Өз пікіріңізді шын жүрекпен, жасырмай айтыңыз. Бағаны бүкпесіз көңілмен айтып, мақтауыңызды аямаңыз, сонда ғана адамдар сіздің сөздеріңізді көптеген жылдар бойы естерінде сақтайтын болады.
Бұлай еткен адам әлемді жаулап ала алады, ал жасай алмаған адам жалғыздықта қалады
Басқа адамға әсер етудің жер бетіндегі жалғыз тәсілі- бұл оған оның нені қалайтындығы туралы айтып, оған қалай қол жеткізуге болатындығын үйрету.
Бұл туралы болашақта, біреуді бірдеңе жасауға баулу кезінде де еске алуыңызға болады. Мәселен, егер балаңыздың шылым тартқанын қойдырғыңыз келсе, оған уағыз айтпаңыз, одан гөрі балаңызға шылым тартудың зиянды екендігін, бейсбол командасына мүше болып кіруге немесе жүз ярдтен жүгіруден өтетін жарысқа қатысуына кедергі келтіретіндігін айтып түсіндіріңіз.
Профессор Гарри А.Оверстрит өзінің «адамның мінез-құлқына әсер ету» атты танымдық кітабында былай дейді: «Біздің мінез-құлқымыздың түп-тамыры біздің ең қымбат талап-тілектеріміз бен іскерлік ортада, отбасында, мектепте немесе саясатта болсын, әйтеуір бір қадамды жасамауға көндіруді алдына мақсат тұтқан адамдарға айтатын жақсы ақыл-кеңестен тұрады, ол ақыл-кеңес: сізбен әңгімелесуші адамды адымен бірдеңені қатты қалауға мәжбүр етіңіз. Осылай ете алған адам әлемді жаулап ала алады, ал ете алмағандар-жалғыздықта қалады».
Ертең сіз бір адамды бірдеңе жасауға сендіргіңіз келді делік. Бұл туралы сөйлесуге асықпаңыз да: «Мен оны қалайша сендіруім керек» деп ойланыңыз. Бұл сұрақ, сізді нәтижесіз кездесулер мен құр әңгімелерден құтқарады.
Бірнеше жыл бұрын мен Филадельфияда бір отоларинголог дәрігердің қабылдауында болдым. Ол менің ауырған жерімді қарамастан бұрын, менің қанша ақша табатындығым жөнінде сұрады. Оның басты ойлап тұрғаны-ауырған жаныма көмектесу емес, менен қанша пайда түсіретіндігінде екендігін сезген мен оның кабинетінен кетіп қалдым.
Осындай адамдар да жер бетінде толып жатыр. Сондықтан басқаларға мінсіз қызмет көрсететін адамдар бір саты жоғары тұратыны да сондықтан, ол адамдарда бәсекелестік аз болады. Оуэн Д.Янг: «өзін басқа адамдардың орнына қоя алатын және олардың ой-пікірінің барысын түсіне алатын адам болашақтағы өміріне алаңдамай-ақ қойса болады» деп айтқан.
Егер осы кітапты оқып шыққаннан кейін сізде қарсы алдыңыздағы адамның пікірімен санасып, соның көзқарасымен айналаңызға қарайтын қасиет пайда болса, онда іскерлік жолда бір сатыға көтерілдім деп есептей беріңіз.
Оверстриттің дана сөзін тағы қайталасақ артық болмас: «Алдымен Сіз алдыңыздағы адамды бірдеңені тілеуге мәжбүр етіңіз. Бұны жасай алған адам әлемді жаулап ала алады, ал жасай алмаған адам жалғыздықта қалады».
Менің лекцияларымды тыңдап жүрген бір жас жігіт өзінің үш жасар ұлының жайына алаңдап жүрді. Баласы ылғи ұнжырғасы түсіп, көңілсіз жүрсе керек. Тамаққа да еш зауқы жоқ, тамақ ішпеген соң салмақ қайдан болсын? Әке-шешесі оған ылғи ренжіп, ұрысып: «Мынаны же, ананы же, сонда үлкен жігіт боласың, біз сенің үлкен жігіт болғаныңды қалаймыз» деген сияқты сөздерді айтқанмен, балаға еш әсер етпейді. Кейіннен әкесі өз қателігін түсініп, басқаша әрекет жасай бастады.
Бала өзінің Бруклин қаласындағы үйінің алдында өзі жақсы көретін үш аяқты велосипедін теуіп ойнайтын. Бірнеше үйден кейінгі үйде жасы бұдан үлкенірек бір бала ылғи оған әлімжеттік көрсетіп, велосипедін тартып алып, тебеді екен. Үйіне жылап келген балаға шешесі қайтадан велосипедін тартып алып береді. Осы жағдай екі күннің бірінде қайталана берсе керек. Баланың жағдайын сезген әкесі бір күні оған: «егер шешең берген тамақты тауысып жейтін болсаң, мен сол баланы жақсылап жазалаймын» деді. Содан кейін тамақ ішу туралы проблема біржолата жойылды, әлгі бала берген тамақты талғамай жейтін болды. Оның ойында бір-ақ нәрсе, ол-әлгі өзін жылататын баладан қалайда өшін алу еді.
Қарым-қатынас психологиясы
Чарльз Швэб басшылық ететін цех жұмысшылары өндіріс нормасын дұрыс орындамай жүрді. Мұны байқаған Швэб: « Бұл қалай болғаны? Епті адам деген кім? Сіздер қалайша цехтың жақсы жұмыс істеуіне жағдай жасай алмайсыздар?» — деп сұрады.
«Білмеймін, жұмысшылардың белсенділік танытуы үшін қолымнан келгенінің барлығын жасадым. Итермеледім, ұрыстым, тіпті, жұмыстан шығаратынымды айтып қорқыттым да. Бірақ, ешқайсысы да көмектесіп жатқан жоқ, жоспарды әлі орындай алмай жүр,  — деген цех бригадирі ағынан жарылды.
Бұл жағдай жұмыс уақытының соңына таман, түнгі ауысым келуге қарсы болған еді. «Маған бір түйір бор беріңізші,» — деген Швэб жанында жақын тұрған жұмысшының бірінен: «Бүгін сіздердің ауысымдарыңыз қанша дана жасады?» деп сұрады.
«Алты».Сол-ақ екен, Швэб ештеңе де айтпастан жерге алты деген санды үлкен етіп жазды да, шығып кетті. Түнгі ауысымның жұмысшылары келгенде әлгі жазу әлі тұрған еді. Оны көріп жұмысшылар бұның не екенін сұрай бастады. «Бүгін бұл жерге бас директор келіп, қалай жұмыс істеп жатқанымызды, күндізгі ауысымның қанша жұмыс істегенін сұрады. Біз алтыға жеткізгенімізді айтып едік, ол соны еденге дәу етіп жазып кетті,»- деді жұмысшылар.
Ертеңгісін таңертең Швэб цехқа қайта келді. Түнгі ауысым жердегі жазуды 7-ге өзгертіп қойыпты. Бұл жазуды күндізгі ауысым да көрді. Демек, түнгі ауысым бұлардан жақсырақ жұмыс істеген болып тұр. Жоқ, бұлай бола қоймас. Үлкен белсенділікпен жұмысқа кіріскен жұмысшылар кешкілік қайтар уақытта әлгі жердегі жазуды мақтанышпен  10 деген санмен өзгертті. Осылайша жұмыс қыза түсті. Көп өтпей-ақ, артта қалған бұл цех керемет жұмыс істей бастады. Жағдайдың осылай өзгеруіне не себеп?
Бұл туралы Чарльз Швэбтің өз аузынан естісек.
«Қиын жұмыстың тезірек біткенін қаласаңыз, онда оны атқарушылардың бойындағы жарыс рухын ояту керек. Ондағы мақсат көп табыс табуда емес, өзін көрсетуге деген талпынысты күшейту».
Өзін көрсету! Жарысқа шақыру! Осылайша өр мінезді ер азаматтардың жүрегіне қайтпас жолдау тасталды.
Теодор Рузвельтті алайықшы, егер оған осындай бәсекелестік тумаса, ол ешқашан да АҚШ президенті болмас еді. Кубадан жаңа ғана оралған  шабандоз  өз кандидатурасын Нью-Йорк штатының губернаторының орнына ұсынған болатын. Алайда оппозиция енді бұл штаттың толыққанды өкілі  емес екенін біліп қояды. Бойын қорқыныш билеген Рузвельт өз кандидатурасын алып тастауға  бел буады. Сол сәтте Томас Колье Платт  оның бойындағы намысына тие сөйлеп, өзін көрсетуге шақырады. Сонда «не деді?» дейсіз ғой. Ол Рузвельтке бұрыла қарап, ойнақы дауыспен: «Сан-Хуан өлкесінің батыры қорқақ болғаны ма?» дейді.
Бұл сөз Рузвельтке қатты әсер етті. Бұдан арғысы тарихтан мәлім. Осы бір сөз тек оның ғана өмірін өзгерткен жоқ, Америка тарихында да ерекше орын алды.
Чарльз Швэб адамға рух, жігер сыйлаудың ерекше қуатын білетін. Томас Платт та соны білсе керек.
Эл Смит те Нью-Йорк штатының губернаторы болып тұрған кезде осы әдісті пайдаланған.
Шайтан аралдың арғы жағындағы көпке танымал абақты Синг-Сингте басшы болған жоқ. Түрменің қабырғасы арқылы оның ішінде болып жатқан түрлі даулы мәселелер естіліп жататын. Смит түрмесін басқаруға өте мықты, қатты адам қажет болатын. Бірақ, оны басқаруға кім лайық? Таңдау Нью-Гемптоннан Льюис Лосқа түседі.
Лос жанына келген кезде:
«Синг-Сингті өз қолыңызға алуға қалай қарайсыз? Онда тәжірибесі мол, мықты адам керек,» дейді.  Лос ойланып қалады. Ол Синг-Сингтің қаншалықты қауіпті екенін білетін. Түрмеге басшы келіп-кетіп жатады. Олар бар болғаны үш-ақ аптаға шыдайтын. Лос алдымен өз карьерасын ойлағанды дұрыс көрді. Тәуекелге баруға бола ма, жоқ па? Оның екі ойдың ортасында отырғанын байқаған Смит жұмсақ орындықта отырған күйі күлімдеп:
«Жігітім, мен сіздің қорқып кеткеніңізді көріп, ол үшін сөз қылмаймын. Істі қолға алып, бәріне қарсы тұра алу үшін, бұл жерге қабілеті жеткілікті өте табанды адам керек», деді.
Осы сөзі арқылы Смит Лосты жігерлендірді. Солай емес пе? Оның айтқандары Лосты бей-жай қалдырмады. Ол іске кірісті. Қарсы тұрды. Осыған дейінгі түрме басшыларынан озық шығып, танымал болу үшін қарсы тұра білді. Оның «Синг-Сингке 20 000 жыл» атты кітабы жүз мыңдаған данамен таралды. Ол айтқан түрме өмірі жайлы әңгімелер түрлі бағдарламаларда көрсетіліп, оған кинолар түсірілді.
«Мен табыс, тек қана табыс адамдарды қызықтырып, біріктіріп және ұстап тұрады деп ойламаппын. Менің ойымша, бұл жерде әңгіме ойында, — дейді ірі компаниялардың құрылтайшысы С.Файрстон.
Ойын! Иә, кез-келген жолы болғыш адам, міне осыны жақсы көреді. Бұл өзін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Өзінің көркемділігін, алатынын және жеңімпаз бола алатынын дәлелдеуге берілген мүмкіндік. Тап осы құлшыныс жарыстағы жүрісті арттырып, нәтижеге қол жеткіздіреді. Бәрінен асып түсуге деген құштарлық. Өзіңіздің маңыздылығыңызды сезіну сезімі.
Осылайша, егер сіз өжет, өр мінезді адамдардың көңілін өзіңізге қаратқыңыз келсе, онда мына ережелерді ұстаныңыз:
Жігерлендіріңіз!
Түйіндеме:
Өз көзқарасыңызға сендірудің 12 тәсілі
1-ереже: Даулы мәселеде жақсы нәтижеге қол жеткізудегі басты нәрсе, ол – даудан бас тарту.
2-ереже: Өзгенің ойына құрметпен қараңыз, ешқашан оған өзінің дұрыс еместігін айтпаңыз.
3-ереже: Егер өзіңіз қателессеңіз, оны шын көңілден мойындаңыз.
4-ереже: Алғашқыда өзіңіздің достық қатынасыңызды, лебізіңізді білдіріңіз.
5-ереже: Серіктесіңіз сізге әу бастан «иә» деп жауап беретін болсын.
6-ереже: Жаныңыздағы адамның өз ойын айтуға жол беріңіз.
7-ереже: Серіктесіңіз бұл идея өзіне тиесілі екенін сезінетін болсын.
8-ереже: Шын көңілмен болып жатқан жағдайға өзгенің көзқарасымен қарап көріңіз.
9-ереже: Өзге адамдардың ойы мен тілегіне көңіл аударыңыз.
10-ереже: Игі тірліктерге итермелеңіз.
11-ереже: Өз идеяларыңызға көрнекілік беріп, көз алдарына елестетіңіз.
12-ереже: Жігерлендіріңіз!
Сүйіктіңізді маскүнемдіктен  қорғаудың 12 тәсілі. Қалада да, далада да ерлердің  көп арақ ішетіні жасырын  емес. Сондықтан да ішетін әріптес, достардан, таныстардан құтылдыру керек.  Ең таңданарлығы,  ішкіш  күйеулердің қайта жұбайларының маскүнемдікке тартылуына көп мүмкіндігі бар екен.  Яғни, әйелі  еріне күйініп, маскүнемдікке бой ұруы ықтимал. Ол күйеуінің мұны байқасын деген оймен , ол да қоюы мүмкін деген үміттен туындайды екен..
Сонымен, енді не істеу керек?
1 әдіс. Сіз оны шынымен де сүйесіз бе, ойланып көріңіз!
Тек қана сүйікті адамыңызды ғана қорғау керек. Егер сезімдер суып, ешқандай оған деген құштарлық пен сыйластық қалмаған болса, сіз тек оған ұрысып, ақыл айтатын болсаңыз, онда ер адам ешуақытта да ішкілікке салынудан  анық шықпайды, дәл солай!
2 тәсіл. Қызғылт көзілдірікті шешіңіз!
Барлығы өзінен шешіле салады деп үміттенбеңіз. Ант су ішіп, енді ішпеймін, бұл соңғысы деген сөздерге сенбей-ақ қойыңыз. Жұмсақ, көнгіш және елгезек болмаңыз. Ең дұрысы, ер азаматыңызды басқа жұмыстарға назарын бұрыңыз.  Мысалға үй және саяжай  жұмыстары, киноға барыңыздар,  тіпті, ақырында картоп ашытыңыз.
3 әдіс. Мас емес кейіпкер   туралы  жаңа ертегі құрастырыңыз.
«Су тасты  теседі» деген қағидатты ұстанып, әрекет етіңіз. Оған мынандай фразаларды жеткізіңіз: «Қандай кереметсің, жарайсың!», «Бүгін мереке болса, да, сен азғантай ғана ішіпсің ғой, мен саған сондай разы болып тұрмын, бүгін  мен қуаныштымын!». Егер мұндай  үлгілер жоқ болса, онда осыған сәйкес, ойыңызға келгенін  айта салыңыз.
4 тәсіл. Бірге  түстік асты (кешкі асты) отбасылық  дәстүр  етіп жасаңыз.
Бақытты отбасы сол,  түстік, кешкі асты  бірге ішеді, теледидарда көрмейді, өйткені олардың бір-бірімен шүйіркелесетін  ортақ әңгімелері бар.
5 әдіс. Ажырасумен қорқытпаңыз! Некенің бұзылуын айтып, ажарасамын деп тек бір рет қана айту керек. Және  күйеуіңіз ішпеймін деген уәдесінде тұрмаса, онда тез арада қорқытуды  іске айналдырыңыз. Әйелдер көбіне айтқан сөздеріне  есеп бермей жатып, айта салады. Егер «Мен сенімен ажырасамын» деген сөз жиі айтыла берсе, отағаңыздың  оған еті үйреніп қалады да, бұған көңіл де аудармайды.
6 тәсіл.  Жолдасыңызға ішкіштерден гөрі, ісіне жауапты, аузына тентек суды тартып алмайтын  ерлер көбірек ұнайды деп жиі  айтыңыз.
7-әдіс. Азанымен жолдасыңызға сыра әкелуге жүгіре бергеннен гөрі,  ауаны көбірек жұтып алыңыз да, деміңізді ұстап тұрып, онға дейін санаңыз, сосын… үйде қалыңыз. Оған  жағдайды жеңіп шығуына өзіне  мүмкіндік беріңіз. Мейлі, қиналсын.
8 тәсіл.  Күйеуіңіз аз ішу үшін батыр әйел немесе құрбан етіп өзіңізді бейнелеуді қойыңыз. «Қайда  кетемін? Бұл менің тағдырым»-дегенді ішетін ерлердің барлық әйелдері айтады. Содан өздері ішуге  азғырады.
9 әдіс. Жалмауыз кемпір сияқты болуды тоқтатыңыз.
Мас ердің үйде пайда болуы мына бір ертегіні еске түсіреді: «Сен қайда болдың? Фу-фу! Сенен сасық  иіс  мүңкіп тұр ғой? Қазір дәл мен сені осы жерде жеймін де, сосын сүйектеріңде сырғанаймын!»-деген ертегі естеріңізде болар.
Әйелге жақсы оймен  күйеуін ұрысып жатқан сияқты көрінеді, бірақ та ол игі ниетпен  айтылған екпіннің соңы,  жолдасының басқа әдемі ханшайымға кетуімен аяқталады.  Айнаға  өздеріңізге қараңыздаршы!
10 тәсіл. Күйеуіңізге әрқашан және міндетті түрде алғыс  айтыңыз.
Әйелдер жас кезінен мына сөзді жақсы меңгеріп алған,  ерді түйрелеп, оған ақылдар айту керек, ал оны мақтап, алғыс айтуды ешкім үйретпеген. Мұндай мақтаулар мен алғыстарды тек бірлі-жарымы ғана орындайды. Шелекпен су әкелді ме, оған рақмет айтыңыз. Нан сатып алды ма, мақтаңыз, жарайсың, жігіт екенсің! Сен керемет адамсың! –деп қошемет сөз айтыңыз. Мұны тура бір жасауға тиісті секілді қабылдамаңыз.
11 әдіс. Ішкені үшін серіктесіңізге жаза ойластырыңыз.
Ең дұрысы, өзіңіз  бір жаққа кетіп қалыңыз. Немесе 100 пунктті тізімді ұстатып, дүкенге жіберіңіз, мыналардың барлығы өте қажет заттар, міндетті түрде сатып алыңыз-деп айтуды ұмытпаңыз. Еркектер негізінен, тіптен дүкен аралаудың құмарпаздары емес, ұнатпайды, аралауды жек көреді, мейлі кішкене пысылдап, қиналсын. Алайда жолдасыңызды жаза ретінде ара қатынасыңыздан аластатпаңыз. Себебі, ерлер әрдайым өздеріне арақ сасыған иістен шошымайтын, келіскіш әйелдерді оңай, әрі тез тауып алады.
12 тәсіл. Қонаққа барғанда еріңізді тыйып тастамаңыз: «Болды, енді ішпе!». Мұндай ескертулер азаматты одан бетер күйдіріп, олар әдейі қасақана ішуді бастайды. Ең дұрысы, тіптен, күйеуге тиісудің қажеті жоқ. Одан да  столдың басқа жеріне отырып, өзге адамдармен әңгімелескен жөн. Және тағы да ең  дұрыс күшті қадам: оны жайлап білдірместен бейнетаспаға түсіріп, келесі күні өзіне көрсетіңіз, бұл оны тез айықтырады.
Сонымен, біз сүйіктімізді маскүнемдіктен қорғаудың 12 тәсілін білдік. 12 әдіс бұл дәл әсер ететін,  ұтымды әрекеттер. Күйеуіңізді қалай сүйсеңіз, өзіңізді де қатты жақсы көріңіз!
Бұл өмірде бақытты болуларыңызға тілектеспін!
Өзіңізді бағалай білесіз бе?
Осы сұрақ төңірегінде өз-өзіңізге сыни көзқараспен қарап, ойланып көрдіңіз бе? Бойыңыз сырт келбетіңіз, ішкі жан-дүниеңіз, іс-әрекетіңіз немесе алға жетелеген арман-мақсатыңызға көңіліңіз тола ма егер өзіңізді білгіңіз келсе, сан-алуан тәжірибеден өткен психологиялық тест сұраққа жауап іздеңіз. Мүмкін сізді  іштей толғандырып жүрген ойларыңыздың дұрыс шешімін табарсыз. Ендеше  (а,б,в) үш жауабыңыздың қайсысы ыңғайлы болса соны белгілеп отырыңыз.
  1. Біреулердің көзқарасына қарап пікір білдіру ұнай ма?
А. Әрқашан
Б. Айту қиын
В. Жоқ.
  1. Көзіңізді жұмғанда қандай бояуды жиірек көресіз?
А. Көгілдір
Б. Күрең
В. Қызыл
  1. Табыскер достарыңыздан қалмауға тырысасыз ба?
А. Кейде
Б. Жоқ
В. Иә
  1. Уақыт жетіспеушілігі мен асығу сізге тән бе?
А. Жоқ
Б. Иә
В. Білмеймін
  1. Сіздің атыңызға жасалған сын-ескертулер айтарлықтай әсер ете ме?
А. Иә
Б. Кейде
В. Жоқ
  1. Алғыр, ақылды адаммен әңгімелескеніңізде қандай көңіл-күйде боласыз?
А.Әңгімесін қолдаймын
Б.Алғырлығымды танытқым келеді
В. Қадағалап тыңдаймын
  1. Қиялдағанды ұнатасыз ба?
А. Жоқ
Б.Білмеймін
В. Иә
  1. Егер бейнеңізді күлкілі етіп шар суретпен бейнелесе қалай қабылдайсыз?
А.Өкпелеймін
Б.Бұлқан-талқан боламын
В. Барлығымен күлемін
  1. Құрбыңызға сыйлыққа иіс су сатып алдыңыз делік.
А. Оған ұнайтынын аламын
Б. Үнемі жарнамадан түспейтінін сатып аламын
В. Өзіме ұнайтынын аламын
  1. Сіздің ой-тұжырымыңызға жақын келетін төмендегідей жауаптың бірін таңдаңыз.
А. Табыс өзіңізге байланысты емес
Б. Тек мықтылардың жолы болғыш
В. Табыс өзіме байланысты
Енді кестеге сәйкес берген жауаптарыңыздың балын есептеңіз
  1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А 5 1 3 5 1 3 5 1 3 1
Б 3 3 5 1 3 5 3 5 1 5
В 1 5 1 3 5 1 1 3 5 3
38-50 балл. Сіз өзіңізге сенімдісіз. Үнемі бірінші болуды қалайсыз, бірақ атыңызға айтылар сынға төзе алмайсыз. Ал өзгелерді түйреуді ұнатасыз. Өте өзімшілсіз. Сіз өзіңізді сүйесіз. Ойлаңызшы осының бәрі жақсы ма?
24-37 балл. Сіз өзіңізді бағалай аласыз. Айналаңызға да түсінушілікпен қарайсыз. Қиын сәттерде дұрыс шешім таба білесіз. Сіз кемшілігіңізбен жақсы жақтарыңызды дұрыс бағамдап, сеніміңізді нығайта аласыз. Адамдар сіздің ақыл-кеңесіңізге көңіл бөледі.
23 балдан төмен. Өзіңізге сенбей, көңіліңіз толмай жүреді. Сіздіңше бәрі жаман сияқты. Ең жаман нәрсе өзіңізді жақсы көрмеу. Өмірлік мақсат-мүддеңізді қалайда орындауға күш салыңыз. Өзіңізді сыйлай біліңіз. Сонда ғана сіз табысты боласыз.