«Өрлеу» бағдарламасы енді цифрланып, кәсіпкерлерге жедел, оңай қызметке жол ашты.
Бұл бағыттағы алғашқы қадамды Freedom Bank жасап, жеңілдікпен несиелейтін «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беруді онлайн форматқа көшірді.
Кәсіпкерлерге бұл қандай артықшылық береді?
12,6%-дық несие;
бірнеше минут ішінде онлайн өтінім беру;
3 сағатқа жетпейтін уақытта қаралады;
ақша 24 сағат ішінде шотқа түседі.
Қарыздың максимал сомасы – айналым қаражатын толықтыруға 200 млн теңгеге дейін, 3 жылға беріледі. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма, ауыл шаруашылығы секілді басымдық берілген салаларды қамтиды. Салалар тізімімен damu.kz сайтында танысуға болады.
Несиеге қашықтан өтінім беру үшін банк сайтына кіріп, компания мәліметтерін енгізіп ЭЦҚ арқылы қол қою ғана керек. Уақыт пен қаржылай шығынның қажеті жоқ.
Бұл әсіресе шалғай елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Енді дүниенің кез келген бұрышында отырып мемлекеттік бағдарламаға қатыса аласыз.
Бұл – басы ғана, Болашақта несие беру ісін цифрлық жүйеге көшіретін банктер қатары көбейе түспек.