Грант алуға өтінімдерді қабылдау басталды

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 20 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарлануда. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Өтінім беру үшін қажет: - Порталда тіркелу; - грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту; - бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу; - өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою. Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткер бола алады: - тіркелген жұмыссыздар; - жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін). Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек: - мүгедектігі бар адамдар; - қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар; - өңіраралық қоныс аударушылар - аз қамтылған отбасы мүшелері; - көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы); - мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы); - асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар. Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс. Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады. Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.