Түркістан: Төлебилік тұрғын ою-өрнек трафаретін жасайтын цех ашқан

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Бүгінде Түркістан облысында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында тиісті жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Осы ретте Төлеби ауданы, Леңгір қаласында тұратын Индира Ахаева жобаға қатысып, мемлекеттік грантты жеңіп алған. Нәтижесінде жеке тұрғын үйінен ою трафаретін жасайтын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. «Осы салаға қызығушылық танытып, білім алдым. Бүгінде өте күрделі оюларды кесу арқылы өз кәсібімді дамытып отырмын. Қазір Леңгір қаласындағы 5 тігін шеберханасынан тапсырыс қабылдаймын. Олардың ішінде көрпе, киім-кешектерге арналған оюларды қиямын. Қазіргі таңда ұлттық ою-өрнектерді сәулет және киім дизайнінде, зергерлік бұйымдар мен ыдыстар жасауда жиі қолданады. Сондықтан тапсырыс та көп», - дейді кәсіпкер. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі