Түркістан қалалық мәслихаты төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылғы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша халықпен кездесуі болып өтті.
Аталған кездесуге Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, депутаттар Ғалымжан Худияров, Ардақ Мансұров, Ақниет Асылов пен Нұрсұлтан Жүсіпбаев және де дербес бөлім басшылары қатысты.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласында 16364 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген. Биыл кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1 314 пәтерді сатып алуға 30,2 млрд.теңге қарастырылып (республикалық бюджеттен 1,8 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 28,4 млрд.теңге), қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, осы жылы Қазыбек би – С.Ерубаев көшелері аралығындағы 1,82 шақырымды құрайтын жолдың құрылысын бастау жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта нысанның жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, бюджеттен қаржы сұралды. Егер бұл жол пайдалануға берілсе, Қазыбек би, С.Қожанов, Әмір Темір көшелеріндегі көлік кептелістерінің проблемасы шешіледі.
Депутаттармен кездесуге келген тұрғындар бірқатар проблемаларды ортаға салды. Бұл бойынша депутаттар тиісті бөлімдерге депутаттық сауалдар жолдайтындықтарын айтып, аталған мәселелердің оң шешімін табатындығына ықпал жасайтындықтарын жеткізді.
* * *
Ал, Шауғар секторында өткен кездесуге Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, депутаттар Сакен Хандиллаев, Самат Рысбеков, Мұсабек Құлбатыр және де дербес бөлімдер басшылары қатысты.
Осыған дейін ауызсу проблемасы шешілмеген С.Малдыбеков, Ататүрік, Амангелді, Б.Елкеев, Тәтібаев көшелеріне толықтай ауыз су тарту жұмыстары жүргізілді.
2024 жылы Шауғар мөлтекауданындағы 26,9 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, 3 шақырымды құрайтын 2 көше орташа жөндеуден өтті. Жалпы ұзындығы 52,2 шақырымды құрайтын 73 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Осы жылы 45 отбасыға азық-түлік берілді, демеушілер тарапынан көп балалы 5 отбасы табиғи газбен қамтылды, 30 отбасыға киім-кешек, 20 отбасыға ет таратылды, 1 отбасыға 1 миллион қаржы көлемінде көмек берілді, бір отбасыға демеушілер жәрдемімен 2 тонна көмір түсіріп берілді. 88 әлеуметтік пәтер берілді.
Мөлтекауданның жай-күйін жеткізген тұрғындар № 22 мектептің жанындағы балалар алаңқайына қатысты мәселені көтеріп, Игілік базарының алдындағы жолаяқ жаңартылса деген ұсыныс айтты. Сарыжайлау көшесінің жарықтандыру мәселесі мен қоқыс проблемасы, Әйтеке би мектебінің алдына, Кенесары көшесіне бейнебақылау қою мәселелері көтерілді.
Түркістан қалалық мәслихатының баспасөз қызметі.