Созақ ауданында ауыл көшелеріне асфальт төселіп, жарықшамдар орнатылып жатыр

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Сызған ауылына арнайы барып, 4 шақырымды құрайтын ішкі көшелеріне салынып жатқан жолдың құрыс-жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ елді мекенде тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту жұмыстарын да бақылады. Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен тілдесіп, алда атқарылар жоспарларымен бөлісті. Сонымер қатар, биыл КХ-110 “Мардан-Қозмолдақ-Сызған” облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымына жөндеу жұмыстары жүреді. Ал Жуантөбе ауылында жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би, Қ.Омарұлы мен Ә. Жақсыбайұлы көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұыстары жүруде. Осылайша ауылдың негізгі көшелеріндегі топырақ және тас жол мәселесі оң шешімін тауып, ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылады. Сондай-ақ, ауылдың ішкі көшелеріне де биыл толық жарықшамдар орнатылады. Айта кетейік, 2024 жылы облыс көлемінде 1 100,3 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Ал, жыл қорытындысымен 546,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 368,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүруде. Ал аудандық маңызы бар 97,3 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, елді мекендердегі 630,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы - техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалының тұрақты бақылауында. Сондай-ақ, басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мекемесі жыл бойына облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады. Кәсіпорынға 39 бірлік арнайы техника бекітілген және 174 қызметкер жұмыс істейді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі