Түлкібас ауданында «Құлан-Сарытөр» бағытындағы жол жөндеуден өтіп жатыр

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түркістан облыстық жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Түлкібас ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-70 «Т.Рысқұлов-Құлан-Сарытөр» жолының 18,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Т.Рұсқылов, Құлан, Сарытөр елді мекендері аралығын қамтиды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жолдың ескірген асфальт жабынын алып тастап, тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сметалық құжаттамаға сәйкес, фрезаланған жол бөлігіне 2 қабат асфальтобетон жабынын салу, ескірген су өткізгіш құбырларды ауыстыру, таңбалау және аяқжол салу жұмыстары қаралған. Сала мамандарының айтуынша, жөндеу жұмыстарын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі