Шымкент: «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші - қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші - қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 13 қаңтарынан бастап «Мигрант» жедел профилактикалық іс - шарасын өткізуде.
Сондай - ақ аталған іс-шараның барысында төтенше жағдайға байланысты ел аумағынан шыға алмай қалған шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартпай Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға ықпал ету.
«Мигрант» іс-шарасы ағымдағы жылдың 12 ақпанына дейін жалғасады.
Шымкент қаласының Полиция департаменті