Кәсіпкерлік саласы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айында қалада жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 72,7 мың бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты (2020 ж. 9 ай – 71 826 бірлік). ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 168,0 мың адамды немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 104,4 пайызды құрады. «Бизнес жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында есепті кезеңге 1 591 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: - екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 2 439,8 млн.теңгеге 1 005 жоба; - екінші деңгейлі банктердің несиелерін ішінара кепілдендіру бойынша 1 128,8 млн.теңгеге 541 жоба; - мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 196 млн. теңгеге 43 жоба; - өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша 3 500 млн. теңгеге 2 жоба. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында қала бойынша 91,7 млрд.теңгені құрайтын 92 кәсіпорыннан өтінімдер қабылданып, оның 70 кәсіпорыны 57,8 млрд.теңгеге мақұлданды.