Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Әлемдегі ең қымбат ірімшік - рокфор ірімшігі қой сүтінен алынады екен.
Қойлар әлемде өсетін 800 түрлі шөптің 560 қорек етсе, ірі қара 420-н,жылқы 415 түрін қорек етеді екен.Осы деректерден-ақ, қойдың көл-көсір табысынан басқа, оның еті де, сүті де адамның ағзасына күш-қуат беруден бөлек, дертіне де шипа болатынын біздің бабаларымыз жақсы білгендігін аңғаруға болады.
Ендігі әңгіме осы кәсіптің керегесін кеңейтсем деген Тасқұдық ауылының тұрғыны,жас кәсіпкер Сарманов Мейіржан жөнінде болмақ.Мейіржан ініміз "Бастау Бизнес" жобасын онлайн форматта оқыды. Түсінбеген сұрағына сонау Тасқүдық ауылынан аудан орталығына қайта-қайта келіп,координатар мен бизнес-тренерден сұрап жүргенін талай көрдік.Білсем деген ынтасына риза болғанбыз.
Мейіржан "Атамекен-Түркістан" микроқаржылық ұйымынан 5,9 млн.теңге көлемінде жеңілдетілген пайыздағы несие алып, оған өзі жазған бизнес-жоспары бойынша 113 бас аналық,5 бас қошқар алып,бүгінде соларды бағуда. Еңбегі жансын жас кәсіпкердің!