Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бизнес өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Мақсаты, кәсіпкерлік саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау.
Жиынға барлық ауданнан онлайн форматта кәсіпкерлер қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, проблемалық мәселелерін айтты.
Мәселен, Отырар ауданы бойынша шаруалар атынан “Марғұлан” шаруа қожалығы төрағасы Бекжан Ибашев Аудан көлеміндегі Шәуілдір массивіндегі 368 км коллектор дрендері мен Ақын Жақып каналының қаржысын бөлдіру жөнінде Су ресурстары комитетине Казводхозға ұсыныс беру керектігін қозғады. Жәнеде бірқатар сұрақтар, атап айтқанда:
- ЖАО-ның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бойынша жекеменшік балабақшалардың алдындағы жүйелі берешегі;
- Мақта шаруашылығын дамыту бойынша Агроқұрылымдарды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету;
- Алма, шабдалы тағыда басқа көшеттерін егу үшін несие берілсе, 3 жылдан кейін өнім беруіне байланысты, несие төлеу мерзімін 3 жыл каникул берілсе деген ұсыныстар;
- Көктемгі дала жұмыстары бойынша диқандарға несиені ақпан айында берілуін қаматамсыз етуге ықпал жасалса деген ұсыныс;
- Жылы жай шаруашылығы проблемасы және т.б.
Жергілікті атқарушы орган өкілдері тарапынан проблемалық мәселелер жұмысқа алынды.
Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды
Түркістан облысы прокуратурасы мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы бірігіп Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңес отырысын өткізді.
Жиынға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.
Іс - шарада: 1. Жеке меншік балабақшаларды қаржыландырудағы кедергілер,
2. Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды жүргізетін ұйымдардың проблемалық мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен «АТАМЕКЕН» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Мемлекет Басшысының «Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау» жөніндегі саясатын іске асыру мақсатында, бизнестің жүйелі мәселелерін көтеріп, оның шешу жолын қарастыру – жоғарғы заң қадағалау органының өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына және оның мәселелерін заң аясында шешілуіне ерекше мән беріліп отыр, - деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.
Өңірлік Палата, соңғы бірнеше жылдан бері білім беру саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің мәселелерін жергілікті атқарушы органдардың алдында көтеріп, оны шешудің нақты жолдарын ұсынуда.
Дегенімен, аталған саланың мәселесін бүгінгі жиында көтерілуі әлі де болса бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселелердің шешілмегенін және олар бүгінгі таңда – БИЗНЕСТІҢ ЖҮЙЕЛІ ПРОБЛЕМАСЫНА айналып отырғанын көрсетеді.
Өңірлік Палата келіп түскен арыз-шағымдар мен түрлі сұрау салулар нәтижесінде білім беру саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелеріне алдын-ала талдау жүргізіп, білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдары мен мектеп асханаларын, оның ішінде әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік бағдарламаларды өз деңгейінде дұрыс іске асыра алмайтынын көрсетті.
Мәселен, облыс көлемінде 65 мемлекеттік мектепте тамақтандырудың ұйымдастырылмағанын, оның ішінде Төлеби ауданында 7 мектепте 1 358 оқушы, Түлкібас ауданында 125 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілмегенін анықталып отыр.
Сонымен қатар, келіп түскен арыздардан мектептерде бала санының, оның ішінде мемлекет қаржысынан қаржыландыруға жататын бала санының ұлғайуына байланысты уәкілетті орган мен кәсіпкерлік субъектілері арасында жасалған келісім-шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмейтіні анықталды.
Осы мәселелер бойынша прокуратура және мемлекеттік органдар тарапынан тиісті шаралар қабылдау жөнінде түсіндірмелер мен тапсырмалар берілді.