Түркістан өңірінде кәсіпкерлікті дамыту жолдары талқыланды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов және «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровпен кездесті. Кездесуде өңірде кәсіпкерлікті дамыту, қолдау көрсету және өзге де мәселелер талқыланды. Өңір басшысы кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашу басым бағыт екеніне тоқталды. – Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті өркендету жолдарын қарастырып жатырмыз. Индустриалды аймақтардың инфрақұрылым мәселесі де зерделенуде. Өңірде ірі зауыттар аз. Инвесторлар тарту бойынша жұмыстар қолға алынды. Қазір жастарды еңбекке тарту, оларды ынталандыру бағытындағы жобаларды күшейткен жөн. Бұл ретте «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды. Рустам Жүрсінов барлық өңірді аралап келе жатқанын айта келе Түркістанда шағын кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол екенін атап өтті. – Түркістан өңірінің басты байлығы – адами капитал. Жұмыс күші жеткілікті. Қиындықтар бар екенін де білеміз. Бүгін кәсіпкерлермен кездесіп, олардың мәселелерін, өтініштерін тыңдадық. Өңірдегі кәсіпкерлік палаталары әкімдіктермен бірге кәсіпкерлікті дамыту жұмысына атсалысады. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді Рустам Жүрсінов. Бүгінгі таңда облыста 170 мыңнан астам мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұр. Биыл олардың саны 26,5 мыңға артты. Тұрғындарды кәсіпкерлікке баулу, несиелендіру жұмыстары жалғасып жатыр Сонымен қатар мұнан бұлай Түркістанда индустриалды аймақтар саны артады. Яғни, Түркістан облысында құны 42,541 млрд. теңгені және 3023 жұмыс орнын құрайтын барлығы 60 жоба орналасқан. 2023 жылдың 1-жартысында «Тurkistan» индустриалды аймағында орналасқан браунфилд өндірістік ғимаратында ISIKLAR HOLDING A.S. өндіріс орнын орналастыру (құрылыс материалдарына арналған қаптама шығару) бойынша келіссөздер жүргізілуде. Өңірдегі инвестициялық ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Сайрам ауданынында жаңа индустриалды аймағын құру бойынша жер көлемін анықтап, инфрақұрылым жүргізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ «Бадам» индустриалды аймағының көлемі үлкейтілмек. Түлкібас, Шардара және Бәйдібек индустриалды аймақтарын агро-индустриялды аймақ ретінде іске асыру және өңірімізде агро-өнеркәсіп саласын дамыту жоспарланып, Түркістан облысы әкімдігіне Басқарушы компания тарапынан агро-индустриалды аймақ құру туралы ұсыныс енгізілген. Индустриалды аймақтардың қатысушылары – «Grand Miks» ЖШС-і (жоба құны – 2,47 млрд.тг), жиһаз өндіріс кәсіпорны, «CG Food Central Asia» ЖШС-і (жоба құны – 1,1 млрд.тг.) дайын тағам өнімдерін өндіруші кәсіпорны. Индустриалды аймақтарды дамыту барысында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оған дәлел, 2022 жылы құны 8,205 млрд. тг. және 640 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 8 инвестициялық жобаны тарту көзделген. Жыл соңына дейін темір бетон бұйымдарының өндірісі мен керамзитті кірпіш өндіру жобасы іске асырылады. Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтарға инвестиция тарту жұмыстары талқыланды. Сонымен бірге индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары және тарифтеріне қатысты түйткілдер де тарқатылдлы. Өңір басшысы бұл саланың маңызды екенін тоқталып, инвестиция тарту ісін жандандыруды тапсырды. – Жалпы бірінші кезекте индустриалды аймақтардың жер мәселесі және оған қажетті инфрақұрылым бойынша бөлек-бөлек Жол карталарын әзірлеуіміз керек. Кәсіпкерлер мен инвесторлар біздің өңірде электр тарифі арзан емес екенін айтады. Инвесторлармен дұрыс жұмыс істеу қажет. Осыған байланысты тиісті басқармалар мен мекемелерден, басшылардан нақты ұсыныстар күтемін. Аудан, қала әкімдерінің негізгі индикаторларының бірі – инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта жұмысты жандандырыңыздар. Индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтар кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуі тиіс, – деген Дархан Сатыбалды индустриалды аймақтарды дамыту, жұмыс орындарын ашу мәселелері тұрақты түрде күн тәртібінде тұратынын айтты. Сонымен бірге ірі компаниялар мен инвесторларға қолайлы жағдай жасап, Түркістан облысына шақыру керектігін жеткізді. Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы, Облыстық құрылыс басқармасы мен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС басшылары мен өкілдерінің пікірлері тыңдалды. Өңір басшысы электр қуатына қатысты тарифті төмендету және реттеу жөнінде жауапты мекемелермен бірлесе жұмыс істеп, тиімді шешім шығаруды тапсырды. Сондай-ақ индустриалды аймақтарда жұмысты жандандыру, жаңа кәсіпорындарды ашу ісін күшейту жөнінде тапсырма берді. Индустриалды аймақтарды басқаратын компанияларды оңтайландырып, нақты нәтижеге жету жолында жұмыс істеуді жүктеді. Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Олар Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек, Ордабасы аудандары мен Түркістан және Кентау қаласында орналасқан. Индустриалды аймақтарда құны 24,054 млрд. теңге болатын және 2614 жұмыс орнын құрайтын 56 жоба орналасқан. Оның ішінде құны 15,542 млрд. теңге болатын және 2087 жұмыс орнын құрайтын 40 жоба іске қосылып, жұмыс атқаруда. Биыл 266 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 7 жобаны іске қосу межеленген. Өңірде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда 365 гектар өнеркәсіптік аймағының инфрақұрылым жүйелерінің І және ІІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бірнеше жоба жүзеге асыру бойынша нақты келісімдер бар. Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймаққа ірі инвесторларды тарту көзделіп отыр. Түркістан облысына инвестиция тарту мақсатында ауқымды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Бұл жоба бойынша облысқа 293,3 млрд. теңге жеке инвестиция тартылатын болады. Жобаның болжамды құны 722,8 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады. Нәтижесінде 110 млн.м3 таза су алынып, Түркістан облысының оңтүстігіндегі 1 млн. халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешіледі. Жоба бойынша мәселелерді талқылау үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Саутс-Ойл» ЖШС-нің президенті Серікжан Сейітжанов пен «Power China» корпорациясының бас өкілі Ксяолинь Янмен кездесті. Басқосуда жаңа жобаның құрылысына қажетті жарықпен қамтамасыз ету және жол мәселесі талқыланды. Облыс басшысы инвестициялық климатқа оң ықпал еткен ірі компания басшыларына мемлекет тарапынан жан-жақты көмектің көрсетілетінін жеткізді. Облыстың экономикасын дамытуға бағытталған жоба аясында инфрақұрылым дамиды. Жұмыс орны ашылады. – Біз үшін бұл инвестициялық жобалар өте маңызды. Өңірде кәсіпорындар ашып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр. Әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетіледі. Инвестициялық жобаларды өз деңгейінде жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз, – деді Дархан Сатыбалды. Сонымен қатар отырыста «Састөбе инновациялық кешені» жобасы бойынша ортақ мәселелер талданды. Бұл бағытта электр жарығымен қамту жүйесінің құрылысын тездету мәселесі көтерілді. «Састөбе» химиялық кешені – біргей жоба. Бүгінде Қазақстанда оған ұқсас зауыт жоқ. Аталған жобаны іске асыру Қазақстандағы химия саласын дамытуға зор серпін береді. Зауытта химия өнімдері, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, цемент өндіру ісі қолға алынады. Жоба құны – 136,6 млрд.теңге. 2024 жылдың екінші жартысында ашылатын өндіріс орнында 1000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. 4272