ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында кооператив жылына 15 мың тонна пластикалық құбыр өндіреді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Стас и К» өндірістік кооперативі жылына 15 мың тонна пластик құбырларын өндіруде. Бүгінде түлкібастық құбырлар облыс көлемінде ғана емес, республика көлемінде сұранысқа ие. Кооператив директоры Әбдіхалық Саитов алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, түрлі диаметрдегі құбырлар өндіретін өндіріс орны алдағы уақытта тамшылатып суғару жүйесіне арналған құрылғыл бөлшектерін де өндіруге ниетті. Айта кетейік, бүгінгі таңда өндіріс орнында екі ауысыммен 20 адам жұмыс істейді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі