Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы аясында аймақта мақта кластерін дамыту, оған инвестор тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақта кластерін құру бойынша жиын өткізді. Басқосуға «Tүркістан» ӘКК», «Turkistan Invest» ЖШС және «TURAN» арнайы экономикалық аймағының басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барысында жаңадан ашылатын кәсіпорын жұмысы және оны инфрақұрылыммен қамту мәселелері талқыланды. Нәтижесінде, келесі айдан бастап мақта кластерін дамытатын кәсіпорын өз жұмысын бастамақ. Жоба құны – 400 млн. АҚШ доллары. Мұнда 4 мың адам жұмыс істейді.
Айта кетейік, «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақтаның шитінен бастап, жіп иіру, мата тоқу, киім тігуге дейінгі аралықтағы кезеңдерді толық қамтитын өндіріс орны болады.
Түркістан облысы – республика бойынша мақта өсіріп, өңдейтін жалғыз өңір. Өңірдегі 23 мақта өңдеу
кәсіпорны жылына 100 мың тоннадан астам мақта талшығын өндіреді.
Айта кетейік, «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру мақсатында инвестициялық жеңілдіктер қарастырылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.