Өндіріс аймағы өркен жайып келеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түркістан облысында инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ондағы өндіріс орындарын аралады. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі 98 млрд. теңгені құрайтын болады. Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 2000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, оның 23 мың шаршы метр көлемі қолданысқа берілді. Бір ғимараттың жалпы ауданы 1 584 шаршы метрді құрайды. Мұнда инвестиция көлемі 30,7 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылып, 500 жаңа жұмыс орындары ашылады. «BNK Group» ЖШС су үнемдеу технологияларын енгізіп, жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорын құрды. Ал, «Aqniet Holding» ЖШС мектепке арналған жиһаздар мен медициналық жиһаздарын шығарып жатыр. Мұнда украиналық «UBC Group» компаниясы өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіреді. Бұдан бөлек медициналық өнімдер, бөлме- аралық есіктер және тағы басқа өнімдерді шығаратын кәсіпорындар жұмысын бастауда. Екінші кезеңде 25 мың шаршы метр қолданысқа беріліп, инвестиция құны 32,3 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Қосымша 400-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылады. Үшінші кезеңде инвестиция құны 35,1 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба жұмысын бастауға ниет білдіріп отыр. Кәсіпкерлер инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарына қызығушылық танытып келеді. Айта кетейік, өндірістік парктің толық іске қосылуы бағытында қажетті барлық жұмыстар тоқтаусыз жүргізілуде.