ТҮРКІСТАН: Сайрамда жылына 10 мың тонна пластик құбырларын өндіретін зауыт жұмыс істейді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Сайрам ауданында полиэтилен мен поливинилхлорид құбырларын өндіретін зауыт жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде іске қосылған «Оңтүстік Қазақстан полиэтилен құбырлары» зауыты бастапқыда резеңке мен пластик бұйымдарын шығарған. Кейіннен су құбыры өндірісін қолға алған. Бүгінде 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Өндіріс орнында жылына қалыңдығы 630 миллиметрге дейінгі ірілі-ұсақты 10 мың тонна полиэтилен құбырлары өндіріледі. Өнімдер еліміздің бірнеше аймағына жөнелтіледі. Ал диаметрі 400 миллиметрлік поливинилхлорид құбырлары елімізде тек қана осы зауытта дайындалады. Онда жұмыстың басым бөлігі автоматтандырылған жүйеге қосылған. Өндіріске қажетті барлық техника Германияда өндірілген. Ал шикізат Өзбекстаннан жеткізіледі. «Оңтүстік Қазақстан полиэтилен құбырлары» зауыты кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған. Қазір кәсіпорынның жылдық тауар айналымы 4 млрд. теңгені құрайды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі