Сапаға мән беруді ескертті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Өткен жұмада Кентауға іссапармен келген облыс әкімі Дархан Сатыбалды қалада жүріп жатқан құрылыс барысымен танысты. Уәлиханов көшесінде салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйге арнайы атбасын бұрған өңір басшысы мердігерге құрылыстың сапасына ерекше назар аударуды ескертті. Қазіргі уақытта кірпіші қаланып, инфрақұрылымы жүргізіліп жатқан ғимараттың құрылысын «Іргетас-Құрылыс ІІ» ЖШС жүргізуде. Бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. 60 пәтерлі тұрғын үй баспана кезегінде тұрған отбасыларға беріледі. Айта кетейік, Кентауда салынып жатқан үйлердің құрылысына 2020 жылы жергілікті бюджеттен 1000,0 мың теңге қаралған болатын. Алайда, 2021-2022 жылдарға қаржы қаралмауына байланысты, жұмыс уақытша тоқтатылған еді. 2023 жылы 1 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 300,0 млн. теңге қаралып, оның құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қалған 4 көпқабатты тұрғын үй бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қаржы сұралған.