ТҮРКІСТАН: Сайрамда ірі ет комбинаты ашылады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Сайрам ауданындағы Манкент ауылында «Kaz Eco Meat» ЖШС-ң ірі ет комбинаты ашылмақ. Кәсіпорын тәулігіне 500 ірі қара мал мен 600 ұсақ малды сойып, етін экспортқа шығаруға ниетті. Сонымен қатар, келесі жылы серіктестіктің 5 000 бас малға арналған бордақылау алаңы бой көтереді. Жалпы ет комбинатының құрылыс жұмыстары 2024 жылдың наурыз айында басталып, 2025 жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Кәсіпорын иесі Абдурасул Сайдановтың сөзінше, өндірілетін еттің 70 пайызы Өзбекстан, Қытай, Иран елдеріне экспортталады. Сондай-ақ, өндіріс орнында ешқандай қалдық қалмай, малдың басынан бастап, ішек-қарын, сирағы мен сүйегіне дейін пайдаға асады. Сонымен қатар, ет комбинатында түрлі ет өнімдері дайындалып, барлық жұмыстар санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі