«Мөлдір бұлақ»: Арыстық ерікті жастар экоакцияға атсалысуда

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Арыстық еріктілер мен жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға үлестерін қосуда. Игі шара алдағы уақытта да қала маңында жалғаспақ. Жалпы экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары да белсене қатысып жатыр. Ауылдық округтердегі мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар мен шарбақтарды әктеу және сырлау, көше бойларындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылуда. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы күндері жалғасын табатын болады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі