«Таза қазақстан»: Түркістанда театр ұжымы бұлақ көздерін ашты

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
«Таза Қазақстан» акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығында Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды драма театрының ұжымы үлес қосты. Атқарылған жұмыстар барысында түркістандық театр қызметкерлері Арыс каналының жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазартты. Сенбілік барысында бұлақ көздері қураған ағаштан тазартылып, маңындағы шөптер орылды. Жалпы бүгінде қала жастарының қатысуымен бұлақ көздерін тазалау, күл-қоқыстан тазалау сынды жұмыстар атқарылуда. Айта кетсек, өңірдегі тазалық шараларына аудан-қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, спорт және өнер майталмандары, жас пен қарт кісілер де атсалысуда. Бүгінгі күнге дейін «Таза өлке», «Киелі Мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» экологиялық акциясына 370 мыңға жуық адам атсалысқан. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі