«Мөлдір бұлақ»: Бәйдібектіктер өзен бойын тазалады

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
«Таза Қазақстан» экоакциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында республика көлемінде ауқымды шаралар жалғасын табуда. Игі бастамаға Бәйдібек ауданының тұрғындары да белсене атсалысып жатыр. Аудандық ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері мен Шаян ауылдық округі әкімі аппараты бірлесіп Шаян өзенінің бойындағы бұлақ көздерін тазалады. Науқан барысында бұлақ маңындағы күл-қоқыс жиналып, қураған ағаштар кесілді. Айта кетейік, экоакция басталғалы бері Түркістан облысында 370 мыңға жуық адам тазалық жұмыстарына атсалысқан. Әр апта сайын жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, өңірдің түкпір-түкпірінде тазалық акциялары қарқынды өткізілген болатын. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі