«Мөлдір бұлақ»: Келестік жастар өзен жағасында сенбілік өткізді

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Келес ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында Келес өзені жағасы күл-қоқыс пен қураған ағаштардан тазартылды. Акция - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартып, табиғат байлығы – бұлақ көздерін қорғай білу мақсатында қолған алынған. Аталған игі шараға аудандағы жастар мен еріктілер белсене атсалысуда. Жалпы экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары да белсене қатысып жатыр. Ауылдық округтердегі мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар мен шарбақтарды әктеу және сырлау, көше бойларындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылуда. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы күндері жалғасын табатын болады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі