«Мөлдір бұлақ»: Созақтық музей қызметкерлері экоакцияға атсалысуда

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығында созақтықтар киелі саналатын «Ишан бұлақ» маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, бұлаққа баратын жаяу жүргіншілер жолы мен көше бойындағы арық-атыздар қоқыстардан тазартылды. Атқарылған жұмыстарға аудандағы С.Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінің ұжымы қолғабыс етті. Экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары да белсене қатысып жатыр. Ауылдық округтердегі мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар мен шарбақтарды әктеу және сырлау, көше бойларындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылуда. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы күндері жалғасын табатын болады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі