Биыл Жетісай ауданында 72 шақырым жол орташа жөндеуден өткізіледі. Аталған жұмыстар Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен қолға алынған.
Қазіргі таңда облыстық маңызы бар КХ-9 «Баққоныс-Мырзашоқы-Жылысу-Қоғалы», КХ-104 «Абыхалық-Баққоныс» автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізуге мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС анықталған. Шартқа сәйкес жөндеу жұмыстары маусым айынан басталатын болады.
Сондай-ақ, облыстық маңызы бар КХ-100 «Жетісай-Өзбекстан Республикасының шекарасы» және КХ-87 «Кетебай-Қараөзек-Атамекен» автомобиль жолдарын жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі