«Мөлдір бұлақ»: Сарыағашта каналдарға тазалық жұмыстары жүргізілді

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округі, Тасқұлақ елді мекеніндегі «Қасымтөмен» каналына техникалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 15 шақырым канал бойы шөп-шалаңнан, тұнбалардан, қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Дербісек ауылдық округ аумағында орналасқан ұзындығы 10 шақырымдық “Киров-Таболин” қашыртқы арнасы механикалық тазалаудан өткізілді. Сондай-ақ, Көктерек ауылдық округі маңынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жол бойы, Келес өзені бойы шөптерден, қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі