Түлкібастықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Апталық аясында арықтар мен бұлақ көздері тазаланып, айналасы күл-қоқыстан тазартылды. Бұл акцияны өткізу - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартып, табиғат байлығы – бұлақ көздерін қорғай білуге, өлкеміздің табиғи ресурстарын аялауға түрткі болуда. Аталған игі шараға аудандағы барлық мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене атсалысуда.
Жалпы экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары да белсене қатысып жатыр. Ауылдық округтердегі мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар мен шарбақтарды әктеу және сырлау, көше бойларындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылуда. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы күндері жалғасын табатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі