«Мөлдір бұлақ»: Төлебиліктер акция аясында бұлақ көзін тазалады

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық науқанының “Мөлдір бұлақ” апталығы басталды. Апталық аясында төлебиліктер де белсенділік танытуда. Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Ұйымшыл елді мекенінің тұрғындары «Мейрам ана» бұлағының басында сенбілік өткізді. Игі шараға ауыл тұрғындарымен қатар, еріктілер мен жастар белсене қатысты. Сенбілік барысында бұлақ көзі күл-қоқыстан, қураған ағаштан тазартылды. Бұлақ маңындағы шөптерді орылып, ағаштар әктелді. Сонымен қатар, көрші ауыл жастарын да игі шараға белсене қатысуға шақырып, челлендж жолдады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі