КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Жыл басынан коммуналдық меншіктегі мүліктерді тиімді пайдалану мақсатында қаланың коммуналдық заңды тұлғаларының теңгерімінен 696 пәтер, 10 автокөлік, 5 ғимарат, 2 207 литр жанармай, 34 628 кг ветеринариялық препарат (ұнтақ), 2 551 литр ветеринариялық препарат (сұйық) және 4 107 негізгі қорларды басқа коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміне беру бойынша бұйрықтар шығарылып, коммуналдық мүліктерді қабылдау-өткізу актілері бекітілді. Сондай-ақ, қаланың коммуналдық меншігіне төмендегі мүліктер қабылданған: құрылысы аяқталған 23 нысан (жылу, сыртқы байланыс, электр, газ, су желілері, қазандық, Тенис орталығының алаңын абаттандыру, көгалдандыру, «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығының ғимараты және т.б.), 33 тұрғын үй, 2 мектеп; - республикалық меншіктен 2 ғимарат (Сарбаздар көшесі №8, Абай даңғылы 19Б), 20 пәтер, 3 автокөлік, 1 853 660 ветеринариялық препараттар және 482 негізгі құралдар, 2 автокөлік (ЗИЛ 433362 пожарный); - сыйға тарту шарты бойынша 1 автокөлік (Автобус YUTONG), 3 пәтер, 1 ескерткіш (Поклонный крест), 2 жобалау-сметалық құжаттамалары; - Түркістан облысының коммуналдық меншігінен 2 пәтер, 4 үй, 2 ғимарат. Сонымен қатар, қаланың коммуналдық меншігінен төмендегі мүліктер өткізілді: - республикалық меншікке 1 ғимарат (Байтұрсынов көшесі, 17), 50 153 негізгі қорлар, 1 автокөлік (ДГД KIA Quaris); - Түркістан облысының коммуналдық меншігіне 1 кітапхана (ғылыми-әмбебап кітапханасы), 1 ғимарат («ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» МКҚК-ның теңгеріміндегі Жетісай қаласында орналасқан ғимарат) және 307 негізгі құралдар. 2021 жылдың 9 айының қорытындысымен қалалық коммуналдық меншіктегі тұрғын емес жайларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша 134 шарт түзіліп, жалпы алаңы 19,3 мың шаршы метр жай жалға берілді.