Құрылыс жұмыстары кешеуілдемеуі керек

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Сауран ауданында салынып жатқан нысандардың құрылысымен танысты. Ауданның әкімшілік іскерлік орталығын салу үшін 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жүргізілуде. Полиция бөлімінде Ұлттық экономика вице-министрі аудан тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты. Аудан тұрғындары тарапынан аурухана, Мәдениет сарайы, спорт кешені сынды ғимараттар салу туралы өтініштер айтылды. Вице-министр аталған нысандардың құжаттары толық ресімделсе өз тарапынан қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Сайрам ауданына жасаған іссапары аясында Қарасу ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын аралап көрді. Сапар барысында аудан әкімі Арман Сәбитовпен және өзге де лауазымды тұлғалармен бірге спорт нысанының жағдайын саралады. Атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдерімен тілдесіп, нысанның сапалы салынуын, ел игілігіне тез арада берілуін тапсырды. Аталған нысанның қажетті қаржысы бюджеттен қаралып, құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде мердігер мекеме тарапынан іргетас құю, қабырға қалау, шатыр жабу жұмыстары толық аяқталды. Алдағы уақытта сыртқы әрлеу және электр желілері мен жылу жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп, спорт кешені алдағы тамыз айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, аудан тұрғындары үшін 406 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. Олардың 109-ы спорт зал, 266-сы спорттық алаң, 2-еуі стадион, 3-еуі спорттық кешен, 1-еуі жүзу бассейні, 1-еуі оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орталық, 2-еуі теннис корты, 21-і жабық футбол алаңы.