Инвесторлар ет экспортын дамытқысы келеді

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түркістан – ауылшаруашылығы және мал шаруашылығы салалары бойынша республикада көш бастап тұрған өңір. Шетелдік инвесторлар да осы бағыттарға қызығушылық танытуда. Сауд Арабиясы мен Түркия елінің инвесторлары өңірдің инвестициялық ахуалымен танысып, мал шаруашылығы және жылыжай салу бойынша инвестиция салуға дайын екендіктерін жеткізді. Инвесторлар осы аймақтан мал өсіру мен ет өнімдерін шығару және жылыжай кешендерін ашуды ұсынды. Пайдалы және қауіпсіз өнімге кепілдік бере отырып, «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығаруға дайын екендіктерін жеткізді. Инвесторларға индустриалды аймақтағы дайын өндіріс алаңынан арнайы алаңшалардың бірін жалға беру жоспарлануда. «Al Thiqa» – әлемге 70 жыл бойы мал саудасымен айналысып келе жатқан компания ретінде танымал. Өнімдерінің жоғары сапалы екенін растайтын сертификат алған. Компания мал өсіру мен ет өнімдерінен басқа азық-түлікті импорттау және экспорттау қызметтерін ең жоғары деңгейде атқарады.