«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округіндегі 9 көшеге асфальт төселуде. Атап айтқанда: Асық-ата, Сейфуллин, Абай, Әйтеке би, Жамбыл, М.Әуезов, Д.Қонаев, М.Мәметова және Бектұрғанов көшелері. Асфальт төселетін ішкі жолдардың жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайды. Қоссейіт ауылында жалпы 15 көше болса, қазіргі таңда 9 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстары аяқталған соң ауылдағы жақсы деңгейдегі жолдардың үлесі 100 пайызды құрамақ. Бұдан бөлек, биыл Шардара ауданында аталған бағдарлама аясында Қ.Тұрысбеков ауылындағы 5 көшеге асфальт төсеу жоспарланған.
Айта кетейік, 2024 жылы облыс көлемінде 1 100,3 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Ал, жыл қорытындысымен 546,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 368,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүруде. Ал аудандық маңызы бар 97,3 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, елді мекендердегі 630,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы - техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалының тұрақты бақылауында. Сондай-ақ, басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мекемесі жыл бойына облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады. Кәсіпорынға 39 бірлік арнайы техника бекітілген және 174 қызметкер жұмыс істейді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі