Сауран ауданындағы ауылдарға асфальт төселіп, көпір жөнделуде

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Сауран ауданы Қарашық елді мекеніндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуінде аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Осы орайда аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жол жөндеу жұмыстарын арнайы барып қадағалады. Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековтың мәлімдеуінше, Қарашық елді мекеніндегі Құдайқұлов, Қарнақ, Қарашық, Навои және Әл-Фараби көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі жүргізуде. Сонымен қатар, өңір басшысы Бабайқорған елді мекеніндегі Қисық Шоқпар және Қонаев көшелерінің бойындағы жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде. Айта кетейік, 2024 жылы облыс көлемінде 1 100,3 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Ал, жыл қорытындысымен 546,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 368,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүруде. Ал аудандық маңызы бар 97,3 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, елді мекендердегі 630,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы - техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалының тұрақты бақылауында. Сондай-ақ, басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мекемесі жыл бойына облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады. Кәсіпорынға 39 бірлік арнайы техника бекітілген және 174 қызметкер жұмыс істейді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі