Индустриалды аймақтарда жұмыс қыз-қыз қайнайтын болады

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Соңғы бір айдың ішінде Қазығұрт, Сауран, Сары- ағаш және Келес аудандарында қосымша 4 индус- триалды аймақ құрылды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиын барысында индустриалды аймақтарды жобалармен толықтыру жайы талқыланды. Өңір басшысы бұл мәселеге жауапты басшыларға осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. – Кәсіпкерлік саласы және су мәселесі бойынша аудан, қала әкімдері есептерін дайындасын. Өз аумақтарыңыздағы индустриалды аймақтың ин- фрақұрылым мәселесін де бірлесе отырып, оңтайлы шешу қажет. Жан-жақты ізденіп, өңірдің дамуы үшін ерекше жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырыңыздар, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар инфрақұрылымдық алаңдарды дамыту бойынша бірқатар ұсыныс жолдады. Жалпы индустриалды аймақтардың инфрақұрылымына бюджеттен жұмсалған қаржы инвестицияны молынан тартуға мүмкіндік береді дейді басқарма басшысы. Сондай-ақ, аудан және қала әкімдіктерімен бірге индустриалды аймақтарда сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып тұратынын жеткізді. Жаңа индустриалды аймақтар өңірдің дамуына оң серпін берері сөзсіз. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде, Жетісай бағытындағы жолдың бойынан 300 гектар жерге құрылған «Келес» индустриалды аймағы ел экономикасының дамуына ерекше үлес қосады деген үміт бар. Инфрақұрылым нүктелерін есепке ала отырып, аудан әкімдігі жер телімін де ұсынған. Ал, Түркістан индустриалды аймағынан соғылған 2 браунфилдте бүгінгі таңда жиһаз өндіру цехы және шұлық-ұйық цехы жұмыс істеп тұр. Өңірде өндірістік парк бойынша 39 ғимарат салу жоспарланған. Бірінші кезең бойынша 10 ғимарат құрылысы аяқталып, инвестиция сомасына 10 жоба іске асырылуда. Ал, 2-кезең бойынша 12 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары басталды. Өндіріс орындарында орналасатын инвестициялық жобалар пулы жасақталып, меморандумдарға қол қойылды. Үшінші кезең бойынша 17 өндірістік ғимараттың құрылысы басталған. Кейбір ғимараттар кәсіпкерлердің есебінен де соғылуда. Сауран ауданындағы Қарашық, Шорнақ, Иассы ауылдық округтерінде жалпы көлемі 70 мың шаршы метр болатын 49 өндірістік ғимараттың құрылысы басталды. Мұнда негізінен жиһаз жасауға басымдық берілген. Индустриалды аймақтармен қатар, жобаларды «TURAN» арнайы экономикалық аймағына тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында шетелдік компанияның тоқыма кластері, полимерлі құбырлар, тау-кен металлургия кешеніне арналған құрылғылар шығаратын зауыттар бар. Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 594 гектардан тұратын 10 индустриалды аймақ бар. Онда 125,6 млрд. теңгені құрайтын 87 жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың басым бөлігі құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі саласына жұмылдырылған.