ТҮРКІСТАН: «Мырзакент-Жетісай» бағытындағы автомобиль жолына жөндеу жұмыстары басталды

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Жетісай ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-100 «Мырзакент-Жетісай» автомобиль жолынының 36-69,3 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Жетісай қаласы, Жылысу, Талапты, Атамекен, Мақташы, Теміржол, Мақталы елді мекендері аралығын қамтиды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «APK Stroy Group» ЖШС тарапынан жолдың ескірген асфальт жабынын алу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес, тазаланған жол бөлігіне 2 қабат асфальтобетон жабынын салу және ескірген су өткізгіш құбырларды ауыстыру, таңбалау және аяқжол салу жұмыстары қаралған. Нысан 2025 жылға өтпелі. Айта кетейік, 2024 жылы облыс көлемінде 1 100,3 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Ал, жыл қорытындысымен 546,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 368,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүруде. Ал аудандық маңызы бар 97,3 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, елді мекендердегі 630,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы - техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалының тұрақты бақылауында. Сондай-ақ, басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мекемесі жыл бойына облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады. Кәсіпорынға 39 бірлік арнайы техника бекітілген және 174 қызметкер жұмыс істейді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі