Ордабасыдағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі қалай?

News
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Ордабасы ауданынына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Ауданда қазіргі танңда жиырма шақты мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде аудандық мәдениет үйінен бөлек, клуб мекемелері мен ауылдық мәдениет үйлері бар. Облыс әкімінің орынбасары Төрткүл Мәдениет үйінің тыныс-тіршілігімен танысты. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сай ұсыныс беруді еске салды. Мәдениетті қалыптастыруға, көрермен мен оқырман тартуға жағдай жасау қажеттігіне тоқталды. Үйірме жұмыстарын күшейтуді, гардероб ұйымдастыруды, әжетхана жағын ретке келтіруді тапсырды. Тұрғындардың дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылдануына жағдай жасау мақсатында ауданда 169 спорт нысаны жұмыс істейді. Оған қоса Темірлан ауылынан 250 орынды спорттық- сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс алаңына барған Ертай Кенжебекұлы ғимаратты мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды. Мұнда тек ұлдарға ғана емес, қыздарға да арналған спорт түрлерін қолға алу керектігіне тоқталды. Соның ішінде көркем гимнастикаға назар аударуды тапсырды. Жұмыс сапары аудандық «Жастар ресурстық орталығында» жалғасты. Ордабасы ауданында 14-35 жас аралығында 40 мыңға жуық жас бар. Әкім орынбасары ауданда атқарылып жатқан дүниелерге оң бағасын берді. Мемлекеттік бағдарламалар мен жастар саясатын жүзеге асыруға жастардың қосатын үлесін атап өтті. Сонымен қатар олардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында оларды қызықтыра отырып, түрлі үйірмелерге тарту керектігін жеткізді. Темірлан көшелерін жаяу аралаған облыс әкімінің орынбасары ескерткіштерді сырлап, қайта қалпына келтіруге ұсыныс берді. Содан соң аудандық Мәдениет үйіне барды. Мұнда тиісті бөлім мен орталықтандырылған кітапхана, спорт және өнер үйірмелері орналасқан. Зал 300-ден аса көрерменге арналған. Аудан өнерпаздарынан бөлек, «Темірлан» халық театры мен «Ордабасы» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жұмыс сапары жаңадан салынып жатқан «Шәмші» аллеясында қорытындыланды. Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне қолға алынған құрылысты қыркүйек айында аяқтау көзделуде. Онда композитордың ескерткіші, сахна мен орындықтар орнатылады. Содан соң мұнда Шәмші Қалдаяқовқа арналған ауқымды іс-шара өткізу барысы талқыланды.